Әлем • 08 Маусым, 2020

Балтық мүйісіндегі саяси текетірес

1204 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Польша Балтық мүйісіне канал салып, теңізге тікелей шығу арқылы Ресейдің ықпалынан арылуды көздейді. Кейбір сарапшылар бұл жобаның саяси астарына үңіліп, оның мүйістегі экожүйеге кері әсер ететінін алға тартады.

Балтық мүйісіндегі саяси текетірес

Мәселе түсінікті болу үшін Балтық мүйісіне аз-кем тоқта­лайық. Ұзындығы 65 шақырымға созылатын бұл жер Польшаның сол­түс­ті­гін­де Ресейдің Кали­нинг­рад өңірімен түйіскен тұста орналасқан. Мүйістің 35 ша­қы­рымы Ресейге, қалған 30 шақырымы Польшаға тиесілі. Сондықтан оның ата­уы да әр жерде түрліше ай­ты­лады. Солтүстіктегі көр­шіміз оны Балтық мүйісі десе, Польша Вислин мүйісі дей­ді.

Ондағы шығанақтың ата­уы да екі түрлі: батыс бө­лігі – Вислин лагуны, шы­­ғысы – Калининград шы­ғанағы. Балтық теңізіне шы­ға­тын тұс біреу ғана. Оның өзі Ресей шекарасында орна­лас­қан. Бар мәселенің туындауы да осыған келіп тір­еледі. Польшаның ең үлкен қалаларының бірі Эль­блонг­та­ғы порттан теңізге шығу үшін Ресейдің шекарасын кесіп өтуі тиіс. Екіжақты келіс­сөздердің нәтижесінде жүк тасымалдайтын кемелер арна­йы тексерістен өтпейді. Бірақ жеке катерлер, яхталар арнайы рұқсат алуы тиіс.

2006 жылы Ресей билігі Бал­тық бұғазы арқылы Поль­ша кемелерінің өтуіне ты­йым салған еді. Осыған бай­ланысты Польшада Вислин мүйісіне канал салу ту­ралы әңгіме қозғалып, шешім қабылданған. Алайда кейі­нірек үкімет тіз­гінін ұс­таған Дональд Туск Ресей­мен мәмілеге келді. Содан кейін Ресей ше­ка­расын жап­қан емес. Де­генмен, кейін­гі жылдары Польшада канал салу жос­па­ры қайта көте­ріліп, былтыр жобаны жүзе­ге асыру жұмысы басталып кет­ті.

 Құрылыс аяқталғанда 100 шақырымға дейінгі су жолы қысқартылып, Балтық те­ңізіне тікелей шығуға мүм­­кіндік жасалмақ. Жоба ту­ралы талайдан бері айты­лып келе жатқанымен, оның құрылысы 2019 жылы бас­тал­ған-ды. Жоспарға сәйкес, каналдың ұзындығы 1305 метрге жетеді. Польша билігі құрылысты 2022 жы­лы аяқтауды жоспарлап отыр. Жоба құны әзірге 2 млрд злотиға тең (500 млн доллар).

Польша президенті Анд­жей Дуданың айтуын­ша, канал салу арқылы Польша Ресейдің ықпа­лынан құтылып, тәуел­сіз­дігін нығайта түспек. Ел президентінің пайымдауынша, мұндай жобалар қосымша жұмыс орнын ашады. Сондай-ақ ол Батыс Еуропа елдерімен бәсекелесуге әзірміз деп мәлім­деп, Батыспен байла­ны­сын күшейтуге дайын екенін жеткізді.

«Біз жобаға мол инвес­тиция тартуды жоспарлап отырмыз. Құрылысты тоқтатуды, кейінге шегеруді немесе қысқартуды жос­пар­лап отырғанымыз жоқ. Өйткені бұл инвестиция ел эко­номикасына мол қаржы құяды», деді ол.

Биліктің амбициясына қарамастан, Польшада да, шетелде де оған қарсылар жетерлік. Әсіресе елдегі оппозиция өкілдері жобаның өз-өзін ақтамайтынын алға тартады. Ал экология бел­сен­ділері бұл бастама­ны табиғатты бүлдіру деп есеп­тей­ді. Оған қоса, Поль­ша­ның Вислин мүйісіне канал қазуы Ресейге де ұнаған жоқ.

Биыл Польшада прези­дент­тік сайлау өтеді. Жос­­­пар бойынша электорат 10 мамырда дауыс беруі тиіс еді. Коронавирус пандемиясына байланысты сайлау кейінге шегеріліп, 28 маусымға бел­гі­лен­ді. Президенттіктен үміт­­керлер енді Вислин мү­йі­­­­сіне канал қазу жобасын саяси науқанның бір бөлігіне айналдырып отыр. «Азаматтық алаң» оп­позициялық блок тара­пы­нан сайлауға түсіп жат­қан Рафал Тшасковский же­ңіске жетсе, құрылысты тоқ­татуға уәде берді.

Ресейлік бұқаралық ақпа­рат құралдары Поль­ша­ның бұл бастамасын қатты сынға алды. Әсіресе баспасөз беттерінде Вислин мү­йісіне канал салуды Еуро­палық комиссия қол­да­май отырғаны жиі ай­ты­­лады. Дегенмен, бұл шын­дыққа сай келмейді.

Қазіргі таңда Польша билігі мен Еуропалық комиссия мүйіске су жолын салу туралы келіссөз жүр­гі­зіп жатыр. Еуропалық парла­менттің ресми сайтында жобаға қатысты нақты шешім әлі шықпағаны жа­зыл­­ған. Әйтсе де ресми түрде Варшава жобаны жалғас­ты­ру үшін оның тиім­­ділігі мен қоршаған ор­­­таға қауіп төн­дірмейтінін дә­­­лелдеуі тиіс. Алда-жал­­да Анджей Дуданың әкім­ші­лігі қарт құр­лық шенеу­нік­терінің көзін жет­кіз­бесе, Еуропалық комис­сия құ­рылысқа тоқтау са­лу­ға құ­қы­лы.

Қысқасы, Вислин мүйі­­сіне канал салудың эко­но­­ми­калық жағынан гөрі, сая­си астары басым болып тұр. Польша билігі осы қадам арқылы Батыс Еуропаның демократия­сы­на жақындығын біл­ді­ріп, Ресейдің кез келген ықпалынан арылуды көздейді.