Экономика • 08 Маусым, 2020

Технология мен инновациялық даму бағыты айқындалды

822 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Әңгіме қаржы нарығындағы  технологиялар мен инновациялық даму тұжырымдамасының жобасы болғалы тұр. Ұсыныстың авторлары –  Ұлттық банк пен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы. Қос бірдей қаржы институтының бұл мәселені кешіктірмеуге, мүмкіндік болса, уақыт созбай қабылдауға  мүдделі болуының салмақты себебі бар.  Пандемия  барлық салада цифрлы сегменттің қаншалықты маңызды екенін танытты.

Технология мен инновациялық даму бағыты айқындалды

Себебі 2013 жылдан бері электронды коммерция нарығы 2 есе өсті.  трансшекаралық  электронды сауда 37%-ға ұлғайғанын жеткізді.  Оның ойынша, бұған банктер мен қаржылық технология  саласындағы  компаниялардың ауызбіршілігі себеп болған. Енді бұл мәселені өз жерімізде өзіміз дамытып, бағыт-бағдарымызды айқындап алмасақ,бұл мәселемен өзгелердің айналысатыны және несібеміздің де өзгелердің уысында кететіні белгілі болып қалды. Ұлттық банктің бұл құжатқа үлкен дайындықпен келгенін енді біліп отырмыз. Себебі мамыр айында Президент көмекшісі Бағдат Мусин жемқорлықты түбегейлі жоятын жаңа құрал ұсынып, мемлекеттік сатып алуларда ақшаны қолма-қол шешіп алуда мәселе бар екенін,  теңгенің цифрлық баламасы болуы керек екенін айтқан болатын. 

Бүгінгі таңда барлық банктер цифрлық жүйеге көшіп үлгерген. Олар тұтынушыларына дәстүрлі қызмет көрсетумен қатар онлайн-қызмет ұсынуда. Сарапшылар да Қазақстан банктерінің электронды сауда нарығындағы мүмкіндігі жоғары екенін айтады.  Себебі үкімет нарықтың дәл осы сегментін дамытуға мүдделі болып отыр. Бүгінгі таңда банктер арасындағы күрес клиент емес, тиімді технология үшін жүріп  жатыр. Банктер технологиялық көшбасшылыққа ұмтыла бастады. Қаржылық технологияның соңғы мүмкіндігіне қол жеткізген банкті клиент өзі іздеп табады.  Қаржыгер Ануар Үшбаев  соңғы жаһандық трендтер тұтынушылардың мінез-құлқындағы өзгерістермен байланысты екенін айтады. Басқаша айтқанда дәстүрлі банктік қызмет түрінен смартфондар негізінде клиенттерге қызмет көрсетудің жекелендірілген және қашықтан түріне көшу жалғасып, төлемдер мен қызметтерге ақы төлеу мәдениеті мен әдеттерін өзгертіп жатыр. Нәтижесінде, технологияның арқасында смартфондың  әмиянға айналғанын көзіміз көрді. Және ең бастысы осы процестер біздің көз алдымызда өтіп жатыр.  Мұның қажеттілік екенін мойындағымыз келмесе де мойындаудың қажет екенін, мойнымыз жар бермесе де үйренудің кезі келгенін сезіп жүрміз. 

АҚШ-тың Еуропа қаржы нарығындағы ықпалын төмендетудің тағы бір құралы – цифрлық ақша болады деген ақпараттар өткен жылдан бері айтылып жүр.  2019 жылдың қазан айында  Германияның федеральды банктер қауымдастығы, оның ішінде Deutsche Bank, Credit Suisse және Commerzbank еуроның цифрлық баламасын жасауды ұсынып,  панъеуропалық қаржы жүйесіне біріктіру керектігін мәлімдеп үлгірген. Германияның федералды банктер қауымдастығы байламынша, бұл АҚШ тарапынан жасалатын бәсекелестік қысымына төтеп берудің жалғыз жолы. Олар  жаңа цифрлық валютаға Libra деген атау берген. Facebook та осыған дейін талай рет  жаңа валютаны шығаруға ниетті екенін айтқан.  Цифрлық ақша туралы әлемдік додаға біз де қосылып кеттік.  Халықаралық ақша аударымдары саласындағы көшбасшы Western Union компаниясы Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі болып табылатын «Банк ЦентрКредит» АҚ-пен бірге westernunion.kz сайтын іске қосып, тұтынушыларға өз жақындары мен туыстарына 24/7 режімінде әлемнің кез келген жеріне ақша аудару мүмкіндігін ұсынып,  өзінің цифрлық желісін кеңейте түсті. Бүгінгі таңда онлайн-қызметтер дүние жүзі бойынша 70 астам елдер мен аймақтарда қолжетімді.  Енді цифрлық ақша аударымдарын Қазақстандағы клиенттер де тұтына алады. Бұрын ТМД елдерінде бұл сервис Украина мен Ресейде іске қосылған болатын.

 Президент көмекшесі Бағдат Мусиннің  айтқаны ұсыныс деңгейінен нақты қадамға көшкенін көріп отырмыз. Ұлттық банк пен Қаржыгерлер қауымдастығы  ұсынған қаржы нарығындағы технологиялар мен инновациялық даму тұжырымдамасының жобасын таныстырды.  Оны жүзеге асыру үш негізгі бағытқа бөлінеді: «Цифрлы бақылаушы», «Цифрлы  инфрақұрылым» және «Тіршілік ортасы».

Жалпы, Ұлттық банк пен үкімет алдағы уақытта    fintech-тің жалпы шығындарын азайту, тиімсіздікті жою және қаржы секторында жаңа өсу нүктелерін құру жоспарлап отыр.

«Соңғы жылдары біз қаржы секторының айтарлықтай өзгерісін байқаймыз, жаңа қатысушылар мен қызметтердің жаңа түрлерін үнемі біріктіріп отырамыз, сонымен бірге қазіргі уақытта мұндай фитех компанияларды реттеу жоқ, сондықтан біз бірнеше міндеттер қойдық: қызметтердің дамуын ынталандыру, қаржы нарығындағы бәсекелестік. Ттынушылардың құқықтарын fintech компанияларының қатысуымен жасалған алаяқтық операциялардан қорғау; нарыққа жаңа әлеуетті қатысушылардың кіруіне кедергілерді азайту », - деп түсіндірді Ұлттық Банк.

Ұлттық Банк бұл бағыттағы негізгі екі стратегиялық бастама болатынын айтады.

Біріншісі - қаржы ұйымдарының реттеуші талаптарды орындауын жеңілдету және бақылаудың тиімділігін арттыру, сонымен қатар сала қатысушыларының қадағалауы. Нарық қатысушылары мен қаржылық реттеушілер арасында электрондық құжат айналымына көшу, сондай-ақ есептерді онлайн форматқа аудару болады. Бұдан басқа, қаржылық қызметтерді тұтынушыларды және қаржы нарығының жаңа қатысушыларын қолдау үшін бірыңғай байланыс орталығын, сондай-ақ есеп беру үшін дербес шоты мен сертификатталған Regtech қызметін құру жоспарлануда. Екіншісі - тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және қаржылық сауаттылықты қамтамасыз ететін технологияларды енгізу. Сенімді орта құрылады және қолдану процестері жеңілдетіледі. «Осыған байланысты 2021 жылға қарай электронды өзара әрекеттестікке 100% көшу жүзеге асырылады. 2025 жылға қарай міндетті есеп индикаторларының көлемі, құжаттарды рәсімдеуге жұмсалатын шығындар мен уақыт шығындары және нормативтік талаптардың сақталуы 2019 жылмен салыстырғанда 75% -ға төмендейді. бұл сонымен бірге тұтынушылардың қаржылық қызметтерге деген сенімін және оның қызметтерді пайдалану дағдыларын арттырады »,  деп түсіндірді Ұлттық Банк.

IDC * KISC ** биометриялық сәйкестендірудің бірыңғай қызметтерінің негізінде және Digital ID негізінде көрсетілетін қызметтердің арқасында банктердің клиенттерін және нарықтың басқа қатысушыларын қашықтықтан байланыстыру мүмкіндігі жоспарлануда. Қызметтер сонымен қатар ақпараттар мен деректер жинауды қамтамасыз ететін болады. «Бұл негізгі басымдылықтың негізгі құрамдас бөліктері сандық идентификатор, төлем инфрақұрылымы, ашық банкинг, қаржы нарықтары және қаржы инфрақұрылымының басқа элементтері»,  деп атап өтті Ұлттық банк.

Ел тұрғындарының 80% -дан астамы банктік қызметтерді қашықтан пайдаланады. Бұл  жаңа клиенттерді тіркеу процесінде шығындарды 90% төмендетуге мүмкіндік беруі әбден мүмкін. Сондай-ақ төлемдерді, тәуекелдерді және нарыққа қатысушылардың шығындарын азайту, ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету жылдамдығы 10 есе артады деген үміт бар.  «Тіршілік ортасы» осы бағытта инновацияны ынталандыру, Fintech стартаптары мен дәстүрлі және жаңа ойыншылардың арасындағы ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Негізгі компоненттер - бірлескен органдар мен платформалар, инновациялық хабтар, реттеуші құмсалғыштар, құзыреттілік орталықтары мен үдеткіштер.

Ұлттық банк пен Қаржыгерлер қауымдастығы   бұл қаржы нарығындағы ынтымақтастықты арттырады, нарықта жаңа өнімдерді шығаруды тездетеді, қауіпсіз режимде өнімдерді сынауға көмектеседі, жаңа бизнес мүмкіндіктері туғызады және шығындарды азайтады, fintech құзыреттерінің қол жетімділігін арттырады деп үміттеніп отыр.

Сонымен бірге, жоба бойынша тұжырымдама 2020 жылдан 2025 жылға дейін үш кезеңде жүзеге асырылады. 2020-2021 жылдары дағдарысқа қарсы күн тәртібі жүзеге асырылады және цифрлық инфрақұрылым үшін сыни негіз жасалады. 2022-2023 жылдары нормативтік-құқықтық база жасалады және цифрлық инфрақұрылымның негізгі элементтері салынады.

Ұлттық банк пен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы бұл қаржы нарығындағы ынтымақтастықты арттырады, нарықта жаңа өнімдерді шығаруды тездетеді, қауіпсіз режимде өнімдерді сынауға көмектеседі, жаңа бизнес мүмкіндіктері туғызады және шығындарды азайтады, fintech құзыреттерінің қол жетімділігін арттырады деп күтеді. Сонымен бірге, жоба бойынша тұжырымдама 2020 жылдан 2025 жылға дейін үш кезеңде жүзеге асырылады. Тұжырымдама негізінде  2022-2023 жылдары нормативтік-құқықтық база жасалып,  цифрлық инфрақұрылымның негізгі элементтері қаланады.  

АЛМАТЫ