Қоғам • 10 Маусым, 2020

Моңғолиядағы Қазақстан азаматтары елге қайтарылды

2945 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің ұсынысымен, моңғол тарапының қолдауымен бүгін  таңертенгі сағат 8.00-де Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша "MIAT" Моңғолияның мемлекеттік әуе компаниясының арнайы чартерлік рейсі ұйымдастырылды. Осы ұшақпен Қазақстанның 96 азаматы елге қайтарылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Моңғолиядағы Қазақстан азаматтары елге қайтарылды

Олар Моңғолияға Қазақстаннан карантин енгізіліп, моңғол-ресей шекарасы жабылғанға дейін жеке сапармен келіп (жерлеу рәсіміне қатысу, емделу, жеке істерімен және туған-туысқандарына келу), осы елде қалуға мәжбүр болған азаматтар.

Елшілік Қазақстан азаматтарын елге қайтару мақсатында оларға бірқатар қолдау көрсетті. Ең бастысы аталған азаматтардың миграциялық тіркеулерін ұзарту мәселесін оңтайландырды. Бұның өзі Моңғолияда 3-4 ай қалуға мәжбүр болған азаматтар үшін қаржылық жағынан үлкен көмек болғанын атап өткен жөн.

 

Қуат УАТХАН,

Моңғолиядан