Білім • 11 Маусым, 2020

ҰБТ тапсырмай-ақ грант тағайындау конкурсына қатысуға болады

848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай мүмкіндік халық­аралық стандартты тес­тілеу­лерді тапсырған талапкерлерге беріліп отыр. Бұл туралы біз «Талапкерге талап көбейіп тұр», деген мақаламызда жазғанбыз. Енді нақты қандай тестілеулерді тапсырғаны туралы сертификаттың керек екені және балды ауыстыру шкаласының қалай есептелетіні жөнінді хабардар етуді жөн көрдік. 

ҰБТ тапсырмай-ақ грант тағайындау конкурсына қатысуға болады

SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулердің сертификаты бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады немесе ЖОО-ның ақылы бөліміне түсе алады.

Білім және ғылым министрлігі бұл туралы: «SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулер шкаласының ҰБТ балына ауыстырылуы жоғары білімнің аясын кеңейту үшін енгізілді», деп хабарлады. 

SAT тестілеуінің балын ҰБТ балына ауыстыру тек SAT reasoning (мектептегі дағдылар – оқу, хат және математика бойынша тест) және SAT Subject (жекелеген пәндер бойынша тест) сертификаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ SAT Subject нәтижелері ҰБТ балына тек бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады. «Ағылшын тілі» пәні үшін IELTS нәтижелері ескеріледі.

Қоса кетейік, IB – түлектерді АҚШ-тың және Еуропа елдерінің жоо-ларына дайындауға арналған білім беру бағдарламасы. ACT тестілеуі АҚШ колледждеріне түсу үшін пайдаланылады. SAT – АҚШ-тың жоғарғы оқуларына түсу үшін тапсырылатын стандартты тест.