Кеншілер астанасындағы облыстық клиникалық аурухананың бөлімше меңгерушісі Баянбек Аспандияровтың үй бетін көрмегеніне төрт ай болыпты. Арқа төсіне «жаман тұмау» қалай аяқ басты, сол кезден бастап бүгінге дейін инфекциялық госпитальда коронавируспен күрестің қалың ортасында жүр.

«Менің зайыбым да дәрігер, педиатрия саласының маманы. Қазір үйде бала бағып, декреттік демалыста отыр. Біздің саланың маманы болған соң ол кісі бәріне де түсіністікпен қарайды», дейді кейіпкеріміз. Баянбек Аспандияров – Павлодар облысындағы Баянауыл топырағының тумасы. Мектеп бітірген соң әжесінің ақылымен дәрігер мамандығын таңдапты. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жалпы медицина факультетінде 2009-2014 жылдар аралығында оқыған. Одан кейін педиатрия интернатурасын бітіріп, 2016-2018 жылдары жұқпалы аурулар резидентурасында білімін жетілдіріпті.
Жұқпалы аурулар дәрігері содан бері облыстық клиникалық ауруханада абыроймен жұмыс істеп келеді. Жас та болса қарым-қабілеті бағаланып, аталған мекеме директорының орынбасары қызметін де біраз уақыт атқарған екен. Қазіргі уақыттағы оның қызметі – осы ауруханадағы жедел ішек инфекциясы бөлімшесінің меңгерушісі.
– Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдағы коронавирус пандемиясы туралы ақпарат тарағаннан-ақ біздің елімізде сақтық шаралары қолға алына бастады. Ал наурыз айында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында науқастар анықталған кезде Қарағанды облысында провизорлық госпитальдар құрыла бастады. Ол жерлерге алғашқы пациенттер жатқызыла бастағанда облыстағы барлық жұқпалы аурулар дәрігерлері провизорлық госпитальдарға жұмыс істеуге жіберілді, – дейді Б. Аспандияров.
Б.Аспандияров сәуір айының басынан бастап инфекциялық госпитальдағы вахталық кезекшілікке, яғни коронавируспен күрестің алғы шебіне өз еркімен аттаныпты. Госпитальда бұлар екі бригадаға бөлініп, кезекпен жұмыс істейді. Мәселен, бір бригада 14 күн вахталық режімде жұмыс істегеннен кейін демалысқа кетеді де, олардың орнын екінші бригада басады.
– Біздің командада екі дәрігер, үш медбике және екі санитар бар. Күніне алты-сегіз сағат науқастарды қарап емдейміз, одан кейін құжаттарды толтырамыз да, демалуға кетеміз. Пациенттерге барарда қажетті эпикировканы – індетке қарсы костюм, қалпақ, респиратор, көзілдірік, екі қабат биялай, арнайы аяққаптардың барлығын толық киеміз, – дейді Баянбек.
Вахталық тәсілмен жұмыс істейтін Баянбек сияқты медицина қызметкерлері үшін аурухана аумағының маңынан бөлек корпус қарастырылған. Осы жердегі қайта жабдықталған палаталарда олар тамағын ішіп, демалып, тіпті біразы осында тұрып жатыр. Вахта біткеннен кейін Баянбектерге үйге қайту жоқ. Олар КВИ-ға тексеріліп, госпитальда 14 күн бойы карантинде болады. Ал біздің кейіпкеріміз болса, вахтаға осымен төртінші мәрте түсіп отыр екен.
– Әу баста менің жақын таныстарымның өзі сенбейтін. «Жұртты неге алдап жүрсіңдер?» деп кінәлағандары да болды арасында. Қазір көбінің көзі жеткен сияқты. Әйтсе де әлі күнге дейін індеттің барына сенбей, бәріне селсоқ қарап жүргендер бар. Міне, осыларға сана берсе екен деп тілеймін. Ал вирус жұқтырып жатқандар өте көп, – дейді дәрігер.
Баянбек Аспандияров наурыз айында провизорлық госпитальда тәуекелі жоғары топта жұмыс істегені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев уәде еткен қосымша 425 мың теңгені толығымен алған.
– Мәселе ақшада емес. Менің әріптестерім қосымша ақша төленбесе де, өздерінің міндетін адал атқарып шығушы еді. Дегенмен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау адамды қанаттандырады, медицина қызметкерлері еңбегінің лайықты бағаланғаны қуантады, – дейді кейіпкеріміз.
Баянбекке қазіргі жағдайда үйдегі төрт және бір жастағы бал қылықты балаларын көрмеу ауыр тиеді екен. Әйтеуір үй-ішімен күнде бейнебайланыс арқылы хабарласып тұрады. Бірақ осындай сын сағатта ауыр дертке шалдыққан адамдардың жанынан табылып, оларға қолдан келгенше көмек көрсетіп жүргендері шаршағандарын, қиналғандарын – бәрі-бәрін ұмыттырып жіберетінін айтады Гиппократ антына берік маман ағынан жарылып.
ҚАРАҒАНДЫ
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар