Қоғам • 30 Маусым, 2020

Мүмкіндікті міндеттер молайтады

137 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекеттің мойнындағы көп міндеттің ішінде баса назар аударатын біреуі бар. Ол – мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Мүмкіндікті міндеттер молайтады

Яғни арбаға таңылған азаматтар кез келген көлік түрі мен ғимараттың ішіне бөгел­мей кіріп, қиналмай шығуы керек. Бұл турасында Қазақ­стан Респуб­ликасының «Мүгедек­тер­дi әлеуметтiк қорғау туралы» заңы­ның 25-бабының 3-тарма­ғында «Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сон­дай-ақ заңды тұлғалар мүге­дек­терге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үй­лерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жай­ларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзал­дарында, автовокзалдарда, авто­станцияларда, теңiз және өзен порт­тарында еркiн бағдар ұста­нуы мен жүрiп-тұруына ұлт­тық стандарттарға сәйкес жағдай жа­­сауға мiндеттi», деп тайға таң­ба басқандай етіп айтылған да.

Күнделікті өмірде осы тақы­рыпқа байланысты ішінара мәсе­ле­лердің де туын­дауы мүмкін. Мәселен, егер ертеректе салынып қойылған әлеуметтік маңызы бар нысандарды қазіргі қолданыстағы заңнамаға сай бейімдеу мүмкін болмаған жағдайда, осы объек­ті­лердің меншік иелері мүгедек­тер­дiң қызметтерді алу мүмкіндігін қам­тамасыз етуге қажетті іс-шара­лардың бәрін жасауға міндетті болады.

Қарағанды облысында Еңбек, әлеу­меттік қорғау және көші-қон комитетіне қарасты жергілікті департамент мүмкін­дік­тері шек­теулі адамдардың құқық­тары мен бос­тандықтарын қорғау мақ­сатында суб­ъектілерге бару арқылы про­фи­лак­ти­­калық бақылау және жос­пардан тыс тек­се­рістер жүргізіп тұрады. Мұндай іс-ша­ра­лардың қатаң түрде тексеріс парақ­тары­на сәйкес өткізілетінін де айта кеткен ләзім.

Жоғарыда аталған талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 83-бабына сәйкес, лауазымды адамдарға – 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъек­тілеріне – 200 АЕК, ірі кәсіп­кер­лік субъектілеріне 400 АЕК мөл­шерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Былтыр, яғни 2019 жылы Ең­бек, әлеу­меттік қорғау және көші-қон коми­те­тінің Қарағанды об­лысы бойын­ша департаменті мүге­дектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігі мәселесі бо­йынша 50 тексеріс ұйымдастырды. Оның ішінде 46 нысанға бару арқылы профилактикалық бақылау және жос­пардан тыс төрт тексеріс жүргізілді. Аталған тексерістердің нәтижелері бойын­ша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 49 ұйғарым шығарылып, екі әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында Қарағанды және Жезқазған көлік прокуратураларымен бір­лесіп, Қарағанды қаласындағы «Са­рыарқа» әуежайының қонақүйі ғимаратында, Жезқазғандағы аэровокзал ғимаратында мүгедектердің көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігі мәселесі бо­йынша екі тексеріс жүргізілді. Олар­дың нәтижелері бойынша, тиі­сінше 505 мың теңге және 252500 теңге мөлшерінде әкім­шілік айыппұлдар салынды.

Биыл бірінші тоқсанда 12 нысанға бару арқылы про­фи­лак­ти­калық бақылау жүргізіліп, олар­дың нәтижелері бойынша анық­талған бұзушылықтарды жою туралы 12 ұйғарым шығарылды.

Айта кететін бір жайт, әлеу­мет­тік және көлік инфра­құ­ры­лымы нысандарына халықтың қи­мылы шектеулі топтарының қол­жетімділігін қамтамасыз ету тұр­ғысынан жүргізілген тексерулер кезінде анықталған бұзу­шы­лықтарды жою мәселесі оңай шешіле қоймайтын пробле­ма­лардың бірі. Мәселен, көпте­ген жағдайларда аталған бұзушы­лықтарды жою бюджеттен қаржы­лан­дырылатын ұйымдар үшін ұзақ мерзімді және әжептәуір қар­жы шығынын талап етеді. Деген­мен, солай екен деп, мүмкін­дігі шектеулі адамдардың өмірін қиындатуға әсте жол беріл­меуі тиіс. Бұл – мемлекеттің мой­нын­дағы маңызды міндеттің бірі. Яғни міндеттер мүлтіксіз орындалса – мүмкіндіктер де молая түседі.

 

Қарағанды облысы