Аймақтар • 30 Маусым, 2020

Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Севостьянов аймақта шектеу шараларын ұзарту жөніндегі қаулыға қол қойды.  Қаулы бойынша бұған дейін қабылданған шектеу шаралары ұзартылады және 1 шілдеден бастап күшіне енетін мынадай қосымша талаптар енгізілді, - деп жазады Egemen.kz

Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды

- енді көшеде, саябақтарда 3 адамнан артық топталып жүруге тыйым салынады және 2 метрден кем емес арақашықтық сақтаулы шарт;

-     қоғамдық тамақтану нысандары тапсырыс берушілерге «үйге жеткізіп беру», «сыртқа алып шығу» тәртібімен ғана қызмет көрсетеді;

- білім беру орталықтарының, даярлық курстары мен сала мамандарын қайта даярлау курстарының, семинар және үйірме жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады;

- спорт кешендерінің жұмыс істейіне тыйым салынады. Бірақ ашық ауада  20 адамнан аспайтын топпен жаттығу жұмыстарын өткізуге рұқсат етіледі;

- спорттық және өзге де бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынады;

- балаларға арналған демалыс орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Балабақшаларда тек кезекші топтар ғана жұмыс істейтін болады.

 

 

⠀Қостанай облысы