Биыл Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған сарабдал саясаткер, Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыздың мерей тойы. Мерекелі күнді ел болып атап өткелі отырмыз. Салиқалы жасқа келген арда тұлғаның ел мен жер тұтастығы, ұлт пен ұлыстар бірлігі, тіл мен мәдениет дамуы, толеранттылықты ту еткен Қазақстанның бірегей моделін жасауы әлем сахнасындағы беделімізді асқақтатып, болашақ бағытымызды айқындай түсті.

Осы орайда өткенге ой тастай отырып Нұрсұлтан Әбішұлының руханият саласына сіңірген орасан зор еңбегіне қатысты өз көзқарасымызды білдіргіміз келеді.
Өзге елмен терезесі тең, керегесі кең Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасының есімімен тікелей байланысты екені баршаға аян. Міне, егемендік алған ел атанғанымызға да 30 жылдың жүзі болып қалды. Осы жылдар аралығында мемлекеттік институттарды қалыптастыру, нарықтық экономиканы дамыту, заманауи саяси жүйе құру, тиімді әлеуметтік саясат жүргізу, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және қоғамдық сананы жаңарту үшін орасан зор жұмыстар атқарылды.
Елбасының саясатының арқасында еліміз ұлттық кодтың негізін құрайтын қазақ халқының ұлттық болмысын, тілі мен мәдениетін дамытудың жаңа деңгейіне көтерілді. Сонымен бірге республикада тұратын барлық этностардың үйлесімді дамуына жағдай жасалды.
Әсіресе, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің мәдениетін асқақтатудағы рөлін атап кетпеуге болмайды.
"Азаулының Стамбұлдан несі кем" дегендей, Қазақстанның жас әрі көркем астанасының іргесін қалап, санаулы уақытта әлем таңдайын қақтырған ару қаланы салдырған Елбасы, осы шаһардың төсінде ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді әлемге танытуымен құнды болған Ұлттық музей, "Астана Опера", "Астана Балет" театрларын және таланттардың бағын ашатын басқа да үлкен мәдени ошақтардың ашылуына мұрындық болды.
Соның бірегейі Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы мен қолдауы арқылы салынған Қазақ ұлттық хореография академиясы. Академия – елімізде және Орталық Азия өңірінде сұранысқа ие және Қазақстанның би өнерін халықаралық деңгейге шығаратын хореографиялық өнер қайраткерлерін көп деңгейлі даярлауды жүзеге асыратын бірегей білім, ғылыми-шығармашылық орталық.
2016 жылы академияның ашылу салтанатына қатысып, өскелең ұрпақтарға ақ жол тілеген Елбасы бұл академияның бүкіл Орталық Азия елдері арасында осы үлгідегі алғашқы жоғары оқу орны екенін атап өткені есімізде.
– Бүгін біз Астанада жаңа өнер ордасын салтанатты түрде ашып отырмыз. Бұл жерде ұлттық балет пен би шеберлерінің жаңа шоғыры оқып-тәрбиеленеді. Мұнда қазақстандық салт-дәстүр дамып, әлемдік деңгейдегі би өнерін дамытуға жаңаша қадамдар жасалатын болады. Ұлттық хореография академиясы – біздің елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдеріндегі осы үлгідегі алғашқы жоғары оқу орны. Онда қазақстандықтармен бірге өзге шет елдердің шығармашыл дарынды жастары оқитын болады. Еліміздегі бұл академия уақыт өте келе бүкіл Еуразиядағы балет пен би шеберлерін дайындайтын жетекші орталықтардың бірі болатынына сенемін, - деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев.
Қазақ Ұлттық хореография академиясының шәкірттері де өздеріне жүктелген зор сенімді ақтап, "Астана Балет" және "Астана Опера" секілді халықаралық деңгейде танылған театр сахналарында табысты өнер көрсетіп, талай халықаралық фестивальдер мен конкурстарда еліміздің атын асқақтатып жүр.
Жаңа хореография мектебі әлемдік классикалық балет мұрасымен қатар қазақ халық биін дамытумен айналысып, Тәуелсіз Қазақстанның ең талантты жастарының жігерін жандырып, қайратын қайрап бүгінгі таңда қызу жұмыстың қазанында қайнап жатқаны бар.
Ұлт мәдениеті мен руханиятының ұлы жанашырына айналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты қолдауы ұланғайыр даламыздың түкпір түкпіріндегі ұл-қыздардың бағын ашуда.
Міне, мерейтой иесі аттанып отырған саңлақ саясаткердің бір ғана мысал негізіндегі сүбелі еңбегін көріп отырсыздар. Ал, мұндай рухани шаңырақтар еліміз бойынша баршылық қой.
"Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді" - деген дана қазақтың аталы сөзі, мәйекті мақалы бар.
Сондықтан, саналы ұрпақтың сапалы тәрбиесіне жол ашқан Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі мыңжылдықтар тоғысында мәңгілік қала бермек.
Бибігүл Нүсіпжанова
Қазақ ұлттық хореография академиясының
Бірінші проректоры
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар