Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Сүңгуірлер суға батып кеткен қызды іздестіруде

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аумақтық комиссия қабылдаған Қаулыға сәйкес жағажайлардың жұмысы екі аптаға тоқтатылған еді, - деп хабарлайды Еgemen.kz.

Сүңгуірлер  суға батып кеткен қызды іздестіруде

Бірақ, өңір тұрғындарының бірқатары жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде суға түсуде. Мысалы, 9-шы шілде күні сағат 14.30-да бірыңғай диспетчерлік пультіне бір қыздың суға батып кеткені туралы хабар түскен.

Оқиға орнына дереу келіп жеткен Ақсу қаласы Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізгенімен қыздың денесі табылмайды. Суға батып кеткен 21 жастағы  қыз Белая өзенінде достарымен бірге демалуға келген. Жағалауда ішімдік ішкен, мастықтың салдарының  соңы  қауіпті жағдай әкеп соғатынын білмеген.

Ал, суға батып бара  жатқан қызды құтқармақ болған достары да суға кете  жаздаған. Департамент мәліметінше, сүңгуірлер тобы да өзеннің түбінен қанша іздегендерімен суға батқан қыздың денесін таба алмады. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, құтқарушылар Ертіс өзенінен мас әйелді алып шықты. Ол арнайы  рұхсат етілмеген жерде "Зеленая роща" демалыс аймағында суға түскен.Өзеннің ағысымен кетіп бара жатқан әйелді оқиға орнына жедел келген құтқарушылар судан шығарып, орталық құтқару стансасына жеткізген.

 

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Ербол Теміров