Облыстық әкімдіктің мәліметінше, бұл жобада тұрғындар өтініштері мен сауалдарына аудандардағы Жұмыспен қамту, білім беру, жер қатынастары, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің мамандары жауап береді.
Орталықтарда құқықтық, әлеуметтік көмектер көрсетіліп, халық пен билік арасындағы мәселелер тікелей жедел, тиімді шешу жүзеге асырылмақ. Мысалы, Тереңкөл ауданы ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, тұрғындарды қабылдау "Openspace" қағидаты бойынша қызмет көрсету ашық үлгідегі кабинеттер мен жабық қалқаларсыз жүргізіледі. Қабылдау барысы бақыланады.
Яғни, жобаның ерекшелігі – аудан орталығының әр жерінде орналасқан бөлімдерді іздестірмей, бір ғимаратта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі.
Ал, "OPEN TERENKOL" жобасы аудан орталығы Тереңкөл ауылдық ауылы әкімі аппаратының ғимаратындағы бірінші қабатта орналасқан. Барлық аудан тұрғындарына қолжетімді. Сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00 ден 18.30 ға дейін, түскі үзіліс 13.00 ден 14.30 ға дейін ашық.
-Қазір індетті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, карантиндік шараларға байланысты сервистік әкімдіктің қызметі уақытша тоқтатылды. Дегенмен тұрғындардан түскен өтініштер телекоммуникация арқылы қабылданады. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралады. Эпидемологиялық жағдайы тұрақтанғаннан кейін сервистік әкімдік өз жұмысын жалғастырады,-дейді бөлім басысы Қайрат Алтаев.
Жалпы, сервистік әкімдік ашылған сәттен бастап коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу тәртібін түсіндіру, карантин кезінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға төлемдер, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу тәртібін түсінік алу үшін 14 ауыл тұрғыны қабылдауға келген.
Павлодар облысы,
Тереңкөл ауданы