Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің таяудағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған шаралар легі қаралды.

Коронавируспен күрес рейтингі іске қосылды
Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елдегі жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша 61 755 науқас тіркелген. Оның ішінде 25 448 адам ем алуда, 35 911 адам емделіп шықты, 396 адам көз жұмды. Тәулігіне 1700-1800 адам COVID-19 вирусын жұқтыруда.
Жағдайды тұрақтандыру үшін өңірлерде жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігінің 17 көрсеткішіне күн сайын мониторинг жүргізіледі. Қосымша тағы 4 индикаторды қосу туралы шешім қабылданды, оның 2-еуі БАҚ-пен жұмыс арқылы әлеуметтік ширығуды азайту және тұрғындардың шағымдарын уақтылы қарастыруға арналған. Дәрі-дәрмектің жеткілікті болуына мониторинг жүргізу жұмыстары мен медицина ұйымдарының өтінімдеріне Бірыңғай дистрибьютордың жұмысын көрсететін тағы 2 индикатор бар. Оған қоса аймақ әкімдіктерінің жұмысын бағалау рейтингі әзірленді.
«Рейтингке сәйкес, 1-орынды 2 облыс – Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары алып отыр, бұл өңірлерде 17 индикатордың 9-ы бойынша көзделген индикаторға қол жеткізілді. Рейтингте 2-орынды 5 облыс және Шымкент қаласы алды – 8 индикаторға қол жеткізілді, 3-орында – 3 облыс және Алматы қаласы иеленді, мұнда 7 индикатор бойынша көрсеткіштер түзелді. Рейтингте соңғы орынды Атырау облысы алып отыр, бұл аймақта 17 индикатордың 5-еуі орындалған», деді А. Цой.
«Бүгінде COVID-19-бен күресу жұмыстарына 46 мыңнан аса маман тартылған. Өңірлерде эпидемиологтар, инфекционистер, анестезиолог-реаниматологтар, пульмонологтардың жетіспеушілігі байқалады. Министрлік аса сұранысқа ие түлектерді: 88 анестезиологты, 26 инфекционисті, 7 пульмонологты өңірлерге бөлді» деді А.Цой.
Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін медициналық жоғары оқу орындарының 2084 маманы мен волонтер жұмысқа тартылып, олар эпидемиялық шараларға жұмылдырылды. Сондай-ақ бұл жұмыстарға студенттер де атсалысуда. Коронавируспен күрес шараларына атсалысқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төленеді.
Оқушылар қашықтан оқытылғаны жөн
Елімізде вирус жұқтырған 60 мыңнан астам адамның 1700-ден астамы – балалар.
«Білім мекемелерінің оқушыларының арасында респираторлық инфекциямен ауырудың маусымдық өсуін және коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиялық қолайсыз жағдайды ескере отырып, шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарының барлық сыныптарын қашықтан оқытуды қарастырған жөн деп санаймыз», деді А.Цой.
Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов атап өткендей, педагогтер мен оқушылардың коронавирус инфекциясы мен жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтыру қаупі жоғары. Мәселен, тек ЖРВИ-мен жыл сайын оқушылардың 70%-ына дейін ауырады. Осыған байланысты министр балалар үшін мектептерді ашуға әлі ерте деп, өткен оқу жылының үшінші және төртінші тоқсанындағы тәжірибені қайталауды — қашықтан оқыту форматын жалғастыруды ұсынды. А.Аймағамбетов осы бағыттағы ұсыныстарды тәптіштеп тұрып ортаға салды.
«Бірінші. Шалғайдағы ауылдардағы шағын жинақты мектептерді ескермегенде, 1 қыркүйекте оқу жылын еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сыныптар үшін қашықтан оқыту форматында бастау. Екінші. Бастауыш сыныптардың оқушыларының ата-анасының өтініші бойынша тиісті мүмкіндіктерге қарап, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру», деді министр.
Бұл бастауыш сыныптардың оқушыларының жас ерекшеліктеріне, өз бетінше білім алу және өзін өзі тәртіпке салу дағдыларының қалыптаса бастауына байланысты. Бірақ мұндай жағдайда мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілетін болады.
«Балалар тек бір кабинетте оқиды, үзілістері әртүрлі уақытта болады, кіреберісте дене қызуын өлшеуді ұйымдастырамыз, ауаны тазарту, кварцтау және ылғалды тазалау режімі күшейтіледі. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін оқытуды ауысымдарға және бала саны 10-15 баладан аспайтын шағын топтарға бөлу, мектепте оқыту күндерінің кезегі жасалады. Десек те, бұл балалар үшін пәндердің бір бөлігі қашықтан оқытылады», деді министр.
Ол шалғайда орналасқан шағын ауылдық мектептерде штаттық форматта оқыту мүмкіндігін ұсынды. Бұл жалпы оқушылар санының 4%-ын құрайды. Осы критерийге сәйкес келетін 1934 мектепте 127 мың бала бар.
Министр қашықтан оқытудың тек жаңа оқу жылының басталуына қатысты шешім екенін атап айтты.
«Бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты мектептерде кезең-кезеңмен аралас оқыту және штаттық форматта оқыту жүргізіледі», деді ол. Үйде оқытудың ең осал топтары – ерекше білім беруді қажет ететін балалар және табысы төмен отбасылардың балалары, бастауыш сыныптардың оқушылары болғандықтан, осы санаттағы балаларға инклюзивті және қолжетімді білім беру қамтамасыз етіледі.
Оқу жылына әзірлік барысында 35 мың компьютер сатып алынған. Жергілікті атқарушы органдар мектептерді, мұғалімдерді және оқушыларды компьютерлермен және интернетке қосылумен қамтамасыз етуге тиіс.
Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша педагогтердің және оқушылардың ұсыныстары бойынша Білім және ғылым министрлігі интернет-платформаларды жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бірінші және екінші тоқсандағы пәндер бойынша оқу материалдары дайын. Онлайн-оқыту үшін әкімдіктер әр мектепте стриминг мүмкіндігі бар интернет-платформаға қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
Жаңа оқу жылын колледждер де қашықтан оқыту режімінде бастайды. Дәстүрлі формат жеке кесте бойынша өндірістік оқытуды және кәсіби практиканы ұйымдастыру кезеңінде көбіне бірінші және бітіруші курстардың білім алушылары үшін, сондай-ақ шалғайда орналасқан колледждерде аз контингент болса, санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.
«Жалпы, жаңа оқу жылына дайындық бойынша іс-шаралар кешенді түрде жалғастырылатын болады», деп түйіндеді министр.
Өңдеу өнеркәсібі өрлеп келеді
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде шаралар әзірленгенін айтты. Соның ішінде Мемлекет басшысының экономика салаларын және халықты қолдаудың қосымша шаралар пакетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары жасалады. Тікелей инвестиция тартуда тұрақты ортаны қалыптастыру мақсатында стратегиялық инвесторлар үшін шарттарды сақтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша заңнамаға қажетті өзгерістер енгізіліп, Парламент Мәжілісінің қарауына берілді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың мәліметінше, 2020 жылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өскен.
«Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша барлық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу жоспарланды. Өңдеу өнеркәсібі салаларында 1,7 трлн теңге сомаға 65-тен аса жоба іске асырылады. Бұл 2025 жылға қарай саладағы импортты 20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді», деді министр. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламалары бойынша жалпы құны 3,7 млрд теңгені құрайтын 6 202 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, ондағы қазақстандық қамту үлесі – 90%.
Сонымен қатар құрылыс материалдарын шығару бойынша 33 жоба іске асырылуда, осының есебінен импорт үлесін 15%-ға азайту және тұрғын үй құрылысындағы отандық құрылыс материалдарының үлесін 90%-ға дейін жеткізу көзделеді. Министрлік құрылыс саласында қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша бұдан басқа да нақты шаралар қабылдауда. Осы мақсатта бюджет есебінен қаржыландырылатын жобаларда отандық материалдарды міндетті түрде қолдану бойынша құқықтық база құрылды. Сараптамадан өткен барлық жобаның жиынтық ресурстық ведомостары енгізілген портал әзірленді.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттамауы үшін министрліктің ішкі нарықты толықтыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Мәселен, жер мәселелеріне қатысты Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің талдамалық тобымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасалды. Кеңінен талқылауға шығарылатын бірқатар ұсыныс әзірленді. «4 өңірде ғарыштық мониторинг бойынша қанатқақты жоба іске асырылуда, оның жайылымдық алқаптарға қатысты бірінші кезеңі аяқталды, жыртылған жерлер бойынша екінші кезең басталды, жыл соңына дейін аяқталады», деді министр.
Экология өзекті бола түсті
Еліміздегі қазіргі экологиялық ахуал туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндағанындай, қазіргі таңда еліміздегі 3,3 мың полигонда 125 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдық жиналған. Жыл сайын 5 млн тонна қосымша ТҚҚ жиналады. Оны өңдеу үлесі 2018 жылы 11,5% болса, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 14,9%-ға өсті. Қайта өңдеу көлемі Маңғыстау, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында жоғары, ал төмен көрсеткіштер Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында төмен.
Министрдің айтуынша, жылдар бойы заңсыз қоқыс төгу орындарының көбеюі мәселесінің шешімі табылмай келеді. «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ ғарыштық мониторинг шеңберінде 11 шілдедегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірінде 7,5 мыңнан астам осындай полигон анықталған. Әкімдіктермен бірлесіп оны жою жоспары әзірленді.
«Жаңа заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына барынша жол бермеу қажет. Бұл үшін қоғамдық рейдтер өткізіп, анықталған фактілерді жұртқа жария етуді ұсынамыз. Алайда осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату шаралары көзделді», деді М.Мырзағалиев.
Премьер-Министр Мемлекет басшысы қойған міндеттердің барлығы нақты орындалуы тиіс екенін атап айтты. «Әрбір басшы оның іске асырылуына жеке жауапты болады» деді А.Мамин.
42 500 теңге тағы бір айға төленеді
Отырыста қаралған мәселелерді Үкімет басшысы Асқар Мамин қорытындылады.
«Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Аурудың таралу қарқыны тұрақталып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға – 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешімді қабылдап отырмыз», деген Үкімет басшысы карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды және орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге карантинді одан әрі сақтаудың барлық шараларын іске асыруды тапсырды.
А.Мамин дәрі-дәрмектің қажетті қоры бар екенін, ол үнемі толықтырылып отыратынын атап айтты. Дәрі-дәрмекті дәріхана желілері мен стационарларға нақты бөлу үшін барлық шараларды қамтамасыз ету қажет.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезеңінде табысынан айырылуға байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақыны – ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі», деді А.Мамин.
Үкімет басшысы төтенше жағдай кезіндегідей, азаматтардың жекелеген санаттарына (1 миллионнан астам адам) азық-түлік өнімдерін алуға ақшалай көмек беруді жалғастыруды, үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды қолда бар деректер негізінде (128 мыңға жуық отбасы) алдын ала жүргізуді, сондай-ақ мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі карантин кезеңіне тап келген адамдардың (шамамен 30 мың адам) мүгедектігін үш айға автоматты түрде ұзартуды тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша тиісті министрліктер мен әкімдіктерге жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарының қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды. Әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда халық пен бизнесті қолдау бойынша қосымша іс-қимыл жоспары дайындалатын болды. Бюджет қаражатын тиімді жұмсап, инфляцияны 8-8,5% деңгейінде ұстау үшін ақша-несие саясатын жүргізу керектігі аталды.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі осы аптаның соңына дейін Жер реформасы жөніндегі комиссияны құру туралы шешім жобасын енгізуге тиіс. Комиссия жер ресурстарын одан әрі пайдалану бойынша нақты ұсыныстар дайындауы қажет», деді Премьер-Министр.
Отырыс барысында Премьер-Министр тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әкімдіктермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, тауарларды сатып алу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің жобаларын іске асыруды кеңейту туралы тапсырма берілді.
Аймақтар • Бүгін, 21:45
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • Бүгін, 20:50
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 20:32
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Бүгін, 20:10
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:05
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 19:36
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:57
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • Бүгін, 18:41
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Бүгін, 18:35
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:33
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:27
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:24
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:21
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Бүгін, 18:03
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Бүгін, 17:46
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:40
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 17:29
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • Бүгін, 17:25
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 17:21
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Бүгін, 17:20
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Бүгін, 17:20
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Бүгін, 17:17
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Бүгін, 17:03
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 16:59
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • Бүгін, 16:56
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • Бүгін, 16:52
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Бүгін, 16:51
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ұқсас жаңалықтар