Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Павлодарлық полицейлер көп рет қолданылатын 1000-нан астам маска таратты

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция облыс тұрғындарына өз денсаулығының қауіпсіздігі үшін карантиндік шараларды сақтау қажеттілігі туралы тағы да еске салды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық полицейлер көп рет қолданылатын 1000-нан астам маска таратты

- Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға байланысты жабық үй-жайларда, оның ішінде дәріханаларда, дүкендерде және қоғамдық көлікте міндетті түрде маска кию режимі енгізілді.

Павлодар облысы ПД полицейлері өткен демалыс күндері орталық жағалауда, көшелер мен аулаларда өтіп бара жатқан адамдарға көп рет қолданылатын 1000-нан астам маска таратты, - дейді өңірлік полициядепартаментінде.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына қоғамдық орындарда маска кию қажет екенін түсіндірді.  

- Көшеде кетіп бара жатқан кезде маған полиция қызметкері келді. Маска тағу режимінің жалғасатынын айтып, сақ және қырағы болу қажеттігін ескертті. Бұдан кейін қызметкер маған логотипі бар маска берді. Ішкі істер министрлігі осылайша ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп санаймын, – деді өтіп бара жатқан Айгүл.

Өтіп бара жатқан адамдар өздеріне, балалары мен туыстары үшін маска алғандарына  риза болып, полицейлерге осындай қиын кезеңде қамқорлығы мен игі істері үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ, патрульдік машиналар тұрғындарға денсаулық қауіпсіздігі үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен карантин режимін сақтаудың және инфекцияның таралуына жол бермеудің маңыздылығы туралы айтты.