Аймақтар • 15 Шілде, 2020

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Мақтарал ауданына 10 ИВЛ аппаратын берді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Короновирустық пандемияға қарсы іс-шаралар аясында "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-сы Түркістан облысының Мақтарал ауданына "Көкшетау 4П" өкпені жасанды желдету қондырғыларының 10 жиынтығын тегін берді, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Мақтарал ауданына 10 ИВЛ аппаратын берді

Мақтарал аудандық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Өсер Мырзамдамов алғыс білдіре отырып, бұл аппараттар адамның өмірін сақтап қалуға және ауданның медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік жасайтынын айтты.

“Көкшетау-4П” аппараты өзінің сан қырлы қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді. 

“Қазақстан инжиниринг” ҰК-ның еншілес кәсіпорны болып табылатын “Тыныс” зауытында биыл осындай 680 аппарат шығару жоспарланған.       

Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 91 ӨЖЖ аппаратын тегін берілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше