Қаратаусай елді мекеніндегі орта мектептің бір топ қызметкері ауыл іргесіндегі көзі бітеліп қалған бұлақты тауып, тазартты.

Бөрте өзеніне құятын осы бұлақтың көзін бұрын ауылдың ақсақалдары шөп-шаламнан тазартып, мал аяғы таптамайтындай етіп жыл сайын жағасын биіктетіп отыратын. Бірақ ақсақалдар өмірден өткен соң әрі ауыл тұрғындарының көбі көшіп кеткен талай заманнан бері сылдырап ағып жатқан тұщы бұлақты жұрт ұмытты.
Аталған ауыл мектебінің қызметкері Николай Фунт осы жазда шөп шауып жүргенде бұлақ туралы қарттардан естіген сөзді есіне алып, дереу мектеп қызметкерлеріне айтты. Содан Қаратаусай мектебінің бір топ қызметкерлері – шаруашылық меңгерушісі Гүлзада Әлмұхамбетова, кіші техникалық қызметкер Раиса Полуда, мұғалімдер Анастасия Синенко мен Нұргүл Оспанова және Николай Фунт күрек-саймандарын алып, бұлақты тазартуға барды.
– Біз ең әуелі Николайдың көрсетуімен бұлақ көзі болуы тиіс жерге барып, бірнеше жерден қазып көрдік. Бір шұңқырға келгенде күрегіміздің басына дымқыл лай жабысты. Сол жердің жан-жағын қолымызбен аршып, тереңдей қазғанда сұп-суық әрі беті дымқылданған топырақ қабатынан лай су шықты. Содан жабылып аршып, біз күткен бұлақ көзіне жеттік. Су біртіндеп молайып, көзін тазартқан сайын лай қабаты өзгеріп, мөлдірлене берді. Су молайған сайын бұрынғы арнасын тауып, Бөрте өзеніне қарай аға бастады. Біз де бұлақ суын қуалай отырып, арнасын да тазалай өттік. Бұлақ көзін қоршай таспен өріп, бұрынғы қалпына келтірдік. Су қашанда өз арнасын табады ғой. Жылға боп аққан бұлақ суының соңынан ере отырып, бұрынғы арнасын таптық. Сөйтіп бұлағымыз Бөртеге қосылды, – дейді Гүлзада Әлмұхамбетова.
Бөрте – Қаратаусай елді мекенінің қақ ортасынан ағып өтетін шағын өзен. Ауыл адамдары үшін тіршілік көзі. Жағасына бұзау, қозы-лақтар жайылады, ауыл қаз-үйректері жаз бойы Бөртенің суынан шықпайды. Алайда соңғы жылдары өзен тартылып, суы лайланып, кей жерінде шалшыққа айналды. Ауылға тіршілік беріп тұрған өзенді қалпына келтірудің бір амалы – өзен жағалауларындағы көміліп қалған бұлақ көздерін ашу. Ал Бөртенің жағасында мұндай бұлақтар көп. Ауыл мұғалімдері осы бұлақтың жан-жағын абаттандырып, құдық тұрғызып, басына адамдар тынығатын орындықтар қою керектігін айтады. Бұл іске ауыл адамдарының бәрінің жұмылуы қажет.
Елена ОНИСЬКОВА,
«Мәртөк тынысы» аудандық газетінің редакторы
Ақтөбе облысы,
Мәртөк ауданы
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар