Кеншілер астанасында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаныжәне жанкешті еңбегі үшін орден, медальдармен марапатталған қарағандылық бір топ дәрігерлер мен медбикелерге Мемлекет басшысының атынан наградаларын табыс етті, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы «Парасат» орденімен қайтыс болғаннан кейін марапатталған Бұқар жырау ауданының санитарлық дәрігері Бақберген Айжігітовтің наградасын марқұмның жұбайы мен балаларына табыстады.
Бақберген Айжігітовтің жесірі Әлия Баяхметова көңіл білдіріп, қолдау көрсеткен зор қамқорлық үшін алғыс сезімін білдірді.
«Бұл марапат есте қалады. Менің күйеуім әрдайым алдыңғы қатарда болды. Өз жұмысын өте жақсы көрді. Әріптестеріне үлкен құрметпен қарады. Ол Астанаға дәрігерлер қажет болғанда, сонда баруға бірден ниет білдірген еді. Біз оны сапардан бас тартуға көндірмек болдық. «Мүмкін бармай-ақ қоярсың, жас емессің ғой», дегенімізде, «Мен дәрігер-эпидемиологмын, парызымды өтеуім керек, баруым керек», деді. Бір ай Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп келді. Ол үшін жұмыс әрдайым бірінші орында болды. Бірақ, отбасын да жақсы көрді, қолдады. Әрине, қазір бізге өте қиын. Ең жақын адамымызды ерте жоғалтамыз деп ойлаған жоқ едік», – деп көзіне жас алды марқұм дәрігердің зайыбы.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек дәрігерлердің кәсібилігі мен Гиппократ антына адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтты.
«Бүгінгі күнде біздің еліміз сіздерге арқа сүйейді. Сіздердің әрбір күндеріңіз осы бір көрінбейтін жаумен күресумен және мыңдаған тағдырларды құтқарумен өтеді. Тіпті, өз денсаулықтарыңыз бен жеке бастың амандығын құрбандыққа шалуға бар екендіктеріңізді көрсеттіңіздер. Ел үшін бұл қиын кезеңде сіздер ерліктің, іске берілгендіктің, қамқорлықтың және көмекке мұқтаж адамдарға жанашырлық танытудың үлгісі бола білдіңіздер. Қарағанды медицина қызметкерлері өз кәсібилігін, ұйымшылдығын және ауызбірлігін тағы да дәлелдеді. Қалай болған күнде де пандемия біздің барлығымызға мемлекеттің басты құндылықтары – азаматтардың өмірі мен денсаулығы екендігін және сенімді, мықты медицинаның маңыздылығын еске салды», – деді ол.
«Құрмет» орденімен наградталған Хафиз Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана бөлімшесінің меңгерушісі Сергей Ким жұмыс барысындағы жеңістер мен өкініштер туралы әңгіме қозғады.
«Осы үш айдың ішінде көп нәрсе өзгерді. Дәрігерлер де өздеріне басқаша қарай бастады, көп нәрсені үйрендік. Адамдардың өзіне және өз денсаулығына және жалпы болып жатқан жағдайларға деген көзқарасы өзгерді. Ең қиыны – шарасыз қалғаныңды көру екен. Қалғаны – жай ғана білім, күнделікті күйбең тірлік, – деп сыр ақтарды ол. – Ал ауыр халде болған науқастың өз аяғымен үйіне кетіп бара жатқанын көру – ең үлкен қуаныш. Соңғы болған оқиғалардың бірі – өкпесі 95% зақымданған медбике әріптесіміз емделіп шыққанында ерекше қуанышқа бөлендік».
Жалпы, Қарағанды облысы бойынша Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 медицина қызметкері түрлі дәрежедегі наградаларға ие болды. Олар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар