Аймақтар • 17 Шілде, 2020

Алматы облысында “Жасөспірім” іс-шарасын жүзеге асыру басталды

26 рет көрсетілді

Полиция қызметкерлері “Жасөспірім” іс-шарасы шеңберінде балалардың бос уақытын өткізуін бақылайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында 17-19 шілде аралығында ювеналдық полиция “Жасөспірім” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді. Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту.

– Кәмелетке толмағандар арасында “құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік” принципін қамтамасыз ету шеңберінде, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден өзге жерлерде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтау бойынша жұмыстар жандандырылады. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар түнгі уақытта қызмет ететін жастардың сүйікті орындары: компьютер клубтары, көшелер, саябақтар, аулаішілік аумақтар, орталықтар, айналалар, дискотекалық мекемелер, дүкендер мен фаст-фудтар бойынша тексеру жүргізеді. Заңды өкілінің еріп жүруінсіз қыдырып жүрген кәмелетке толмаған азамат табылған жағдайда жасөспірім полиция бөліміне жеткізіледі, оған заңды өкіл шақырылады. Бұл жағдайда ата-анаға немесе заңды өкілге әкімшілік заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады. Ата-ана басқа қалада болса, көшеде жүрген жасөспірімді біз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткіземіз. Жазғы уақытта балаларға үйде отыру қиын екені белгілі, және олар бос уақытын үйден тыс немесе көшеде өткізуді қалайды. Осыған байланысты, ювеналдық полиция есепте тұрған балалармен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізуді көздейді, – деп жедел алдын алу шараларының басымдықтарын атап өтті Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.

Сонымен қатар, іс-шара аясында құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды анықтау бойынша рейдтер жоспарланған. Және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша, оның ішінде кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілік саласында, ата-аналармен әңгіме жұмыстарын өткізу жоспарланды.

Биыл алты айдың қорытындысы бойынша Алматы облысының аумағында жасөспірімдер қылмысы 39,7% – ға төмендегенін атап өткен жөн. Профилактикалық есепте 68 жасөспірім, тізімдік есепте 245 жасөспірім тұр.

Соңғы жаңалықтар

Теріскейдің Самалы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар