Қазақстан • 17 Шілде, 2020

Әділет министрлігі жартыжылдық жұмысын қорытындылады

785 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 17 шілдесінде Әділет министрлігінде алқа отырысы өтті. Онда 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстың қорытындысы шығарылып, екінші жартыжылдыққа арналған басым міндеттер анықталды.

Әділет министрлігі жартыжылдық жұмысын қорытындылады

Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен өткен онлайн форматтағы алқа отырысына Министрдің орынбасарлары, Жауапты хатшы, құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық әділет органдары, сонымен қатар, ведомстволық бағынысты ұйымдар қатысты.

Алқа отырысында Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Бақтыгүл Атағазиева, Сот актілерін орындау департаментінің директоры Дархан Игембаев, Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Мейржан Төлепов, "Сот сараптамалар орталығы" РМҚК директоры Асқар Үмбеталиев, сондай-ақ, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті директорының м.а. Хамит Бекишев баяндама жасады.

Шара соңында ведомство басшысы Марат Бекетаев қорытынды сөз сөйледі. Ол 2020 жылдың екінші жартыжылдығына Министрлік алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындады.

"Мемлекеттік органдар үшін алдағы кезеңдегі басты басымдық Президент Жолдауында айтылған міндеттерді орындау болып табылады. Сонымен қатар, ағымдағы маңызды мәселелерді шешуге, ең алдымен, коронавирусқа қарсы күреске баса назар аудару қажет. Әділет министрлігінің көмекші қызметі бар,ол – мемлекеттік органдардың барлық шешімдерін уақытылы рәсімдеу, сондықтан нормативтік құқықтық актілерді жедел тіркеу бойынша жұмысты қадағалап, басты назарда ұстау қажет", - деп атап өтті Марат Бекетаев.

Министр қорытынды сөзден кейін департамент директорларына жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.