Қазақстан • 17 Шілде, 2020

Карантиндік шектеулер кезеңінде шекарадан кімдер өте алады?

410 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібі туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Карантиндік шектеулер кезеңінде шекарадан кімдер өте алады?

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдіктердің (азаматтығы жоқ адамдардың) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуіне санитарлық-эпидемиялық жағдай жақсарғанға дейін уақытша шектеулер енгізіледі, мыналарды қоспағанда:

1) елдің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналы мен олардың отбасы мүшелері;

2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға жіберілген ресми делегациялардың мүшелері, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың делегациялары мүшелері;

3) Қазақстан Республикасының мүшесі болып табылатын және шет мемлекеттердің аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері - қызметкердің мәртебесін растаған жағдайда;

4) поезд және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру жөніндегі операцияларға қатысатын адамдар;

5) қазақстандық әуекомпания қызметкерінің мәртебесін растаған жағдайда қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері болып табылатын шетелдіктер;

6) қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері болып табылатын шетелдіктердің отбасы мүшелері (туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда - жұбайы (зайыбы) және олардың балалары), бірақ 30 тәулікте 1 реттен артық емес;

7) қызметкерлердің куәландырылған атаулы тізімде болған жағдайда қызметтік міндеттерін атқару үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал;

8) Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда[1] орналасқан әскери құралымдар, өнеркәсіп бөлімшелері мен кәсіпорындарының құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары) әскери құралымдарда (бөлімшеге, өнеркәсіп кәсіпорынға) тиесілігі және туыстық байланыстары расталған кезде, сондай-ақ осы әскери бөлімдерге, бөлімшелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға жіберілген Ресей Федерациясының азаматтары - егер Ресей Федерациясының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдары берген жол жүру сертификаттары болса;

9) "Байқоңыр" кешені мен Байқоңыр қаласының аумағына Ресей Федерациясының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері – "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұрақты немесе уақытша тіркелген мемлекеттік органдардағы және өзге де ұйымдардағы жұмыстың/қызметтің жарамдылығын растайтын құжатты/құжаттарды міндетті түрде ұсынған кезде;

10) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, қызметкердің мәртебесі расталған кезде;

11) бұрын шет мемлекеттің аумағына кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (азаматтығы жоқ адамның куәлігімен Қазақстан Республикасы құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар) Қазақстан Республикасына қайтып келген кезде;

12) Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткен және/немесе иммиграциялық визалары бар Қазақстан Республикасының азаматтары;

13) Қазақстан Республикасының шетелге емделуге кететін азаматтары Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен кезде (екі ересек адамнан аспайтын еріп жүргенде), мынадай құжаттар болған кезде:

- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы№ 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы";

- шетелдік медициналық ұйымнан емделуге шақыру-хат, нотариалды куәландырылған аудармасы бар;

14) шет мемлекеттердің тұруға ықтиярхаты бар не олардың аумағында уақытша тұруға рұқсаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары (тек Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының аумағында болу үшін) және олардың кәмелетке толмаған балалары – 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес[2];

15) Қазақстан Республикасының әуежайларынан бұрын туристік жолдамалар бойынша демалуға ұшып шыққан және өзінің азаматтығы бар еліне автомобиль көлігімен одан әрі шығу мақсатында демалғаннан кейін Қазақстан Республикасының әуежайларына қайтып келген шетелдіктер, оларды осы мемлекеттер елшіліктерінің келісімі бойынша және жәрдемімен әкеткен жағдайда;

16) қажетті санитарлық-эпидемиялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өз мемлекеттерінің Елшілігі мен консулдық мекемелерінің өтініші бойынша азаматтығы бар еліне автомобиль өткізу пункттері арқылы одан әрі ұшып шығу немесе кету үшін Қазақстан Республикасына әуе өткізу пункттері арқылы келетін шетелдіктер;

17) растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқан адамдарды, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына ілесіп жүретін адамдар;

18) ауыр науқастануы туралы емдеу орнының растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелері және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін бара жатқан адамдар (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) және олардың кәмелетке толмаған балалары;

19) Қазақстан Республикасының аумағына елден кету үшін бұрын келген шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамның куәлігі шет мемлекет құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар);

20) Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты (оралман мәртебесі) бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата - аналары және балалары) - 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

21) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) - туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда (жұбайы (зайыбы), олардың ата - аналары және балалары) және олардың кәмелетке толмаған балалары – 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

22) шетелдіктердің отбасы мүшелері (ерлі – зайыптары, ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары), қорғаншылары мен қамқоршылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары және олардың кәмелетке толмаған балалары - тек отбасы мүшесінің азаматтығы бар еліне шығу үшін, 30 тәулік ішінде 1 реттен көп емес;

23) шетелдік оқу орнының растайтын құжаттары болған жағдайда, сондай-ақ студенттік визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарын ресімдеу, емтихандарды (тесттерді) тапсыру үшін - шетелдік білім беру мекемесінің шақыруы және осы мақсаттармен шет елге кіруге ресми рұқсаты болған жағдайда шет мемлекеттердің оқу орындарында оқып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары. Егер осы тармақшада көрсетілген мақсаттарға жататын Қазақстан Республикасының азаматы кәмелетке толмаған болса, оның ата-анасының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) ере жүрулеріне рұқсат беріледі;

24) тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болған кезде халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (бір жүк көлік құралына 2 жүргізушіден артық емес) және ауылшаруашылық қызметімен айналысатын тауарлардың иелері - ауылшаруашылық қызметін жүзеге асыруды растайтын құжаттар болған кезде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тізім мен үлгі құжаттарына сәйкес);

25) осы тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат етілген адамдарды тасымалдауды және эвакуациялық рейстерді жүзеге асыратын жүргізушілер;

26) әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың қызметкерлері (мамандары) – шетелдіктер;

27) әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес жасалған келісім-шарттар шеңберінде автомобиль және арнайы көлік жеткізуді жүзеге асыратын адамдар;

28) Қазақстан Республикасынан шығуға білікті қызметкерлер (мамандар) қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары - баратын еліне келуге ресми рұқсаты болған жағдайда әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары төрағалық ететін арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қолдаухаты бойынша;

29) денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда (екі ересек адамнан аспайтын еріп жүргенде) қазақстандық мамандандырылған емдеу мекемелерінде емделуден өту үшін шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар);

30) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі және Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК комитетінің тиісті хаты негізінде - экстрадициялау тәртібімен берілетін шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) мен Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан іздестірілетін және сотталған, сондай-ақ оларды қабылдап алу - беру айдауыл қызметінің қызметкерлеріне тапсыруды жүзеге асыратын адамдар;

31) Қазақстан Республикасына экипаждан тыс аусымға бара жатқан теңіз кемелердің қызметкерлері құрамынан тұратын шетелдік азаматтарға (азаматығы жоқ тұлғаларға) теңіз (өзен) кемелердің экипаж құрамына қатыстығы мен мәртебесін дәлелдейтін тиісті құжаттары бар болған жағдайда;

32) ҚР мемлекеттік және жергілікті органдарының шақыруы бойынша медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдарының гуманитарлық көмегі шеңберінде Қазақстанға келе жатқан шетел медициналық персоналына.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған шет мемлекеттерге Қазақстан Республикасы азаматтарының шығуларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тікелей әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматтарына - визалық талаптарды сақтай отырып, егерде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп қарастырылмаған болса, Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат беріледі.

3. Ақтау және Құрық теңіз порттарында жүк автокөлік құралдарының жүргізушілерін, Қазақстан Республикасына қайтып келе жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және олардың жеке көлігін қоспағанда, жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

Жүктерді теңіз порттары арқылы ауыстырып тиеу қатаң түрде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Экипаждың кемелерден шығуына тыйым салынады.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге және Қазақстан Республикасының аумағында болуға мемлекеттік органдарының рұқсаттарын белгіленген тәртіппен ресімдеген жағдайда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру науқандары және ғарышкерлер қонатын жерден және ұшырылатын ғарыш объектілерін іздестіру және эвакуациялау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде іске қосылған әуе кемелерін және жер үсті техникасын шекара арқылы өткізуді жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісім бойынша (оның ішінде жұмыс тәртібімен) шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметтері ресми өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы арқылы өзінің азаматтығы бар еліне транзиттік жол жүрудің орындылығы мен мүмкіндігін анықтауға рұқсат беріледі.

6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен (оның ішінде жұмыс тіртібімен) келісу бойынша Қазақстан Республикасында аккредитацияланған шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің ресми өтініш жасаған кезде шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен шақырылатын тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына кіру/шығу орындылығы мен мүмкіндігін анықтауға рұқсат беріледі.

7. Халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер – Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін Қазақстан тарапындағы өткізу пункттерінің аумағында орналасқан көлік-логистикалық орталықтарға дейін визасыз 24 сағат бойы кіріп-шығуға рұқсат етіледі.


[1] Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929-Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртібі туралы келісім (Мәскеу қ., 1995 жылғы 20 қаңтар).

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісім (1995 жылғы 20 қаңтар).
[2] Бұл жерде және бұдан әрі Мемлекеттік шекараны бір мәртеден көп емес (кіру-шығу) өтуді белгілейді.