"Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты", деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, Олжас Құдайбергенов штаттан тыс кеңесші болып 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.