Пандемия пенде баласының зәресін алып, індеттің тұзағына ілінгендер саны күн сайын көбейіп тұрған мына заманда жағымды жаңалыққа деген зәрулік арта түседі екен. «Арқада арқар көбейіп келеді», деген жүрекке жылылық ұялатқан жалғыз ауыз сөзден тұратын ақпар жанды семіртті. Демек, шоқыларымның сәніне айналған мүйізі шаңырақтай жануарлар үшін Арқа төсінде қыс қана емес, қажетті жағдайдың басқасы да жайлы болып тұрғаны ғой.

Қарағанды облысында арқарлар негізінен Қарқаралы, Бұқар жырау, Осакаров, Ақтоғай және Шет аудандарында мекен етеді. Негізі, бұл өңірлердің аумағын иір мүйізділерге пана болған Сарыарқаның атақты ұсақ шоқылары көктей өтеді. «Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» мекемесінің басшысы Андрей Кимнің айтуынша, Арқаның сәніне айналған бұл жануардың саны жыл сайын көбейіп келеді екен. Ең алдымен аталған қуанышты жайтқа мемлекет тарапынан ұйымдастырылған қадағалау мықты себепші болғанға ұқсайды. Бұл жерде «Охотзоопром» мекемесі мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің ерен еңбегін айтпай кетуге тағы болмайды. Бұдан бөлек, құқық қорғау құрылымдары мен аң шаруашылықтарына қарасты қорықшылар құрамының да бұл шарапатты іске қосқан үлесі мол.
Бұл жерде арқардың өсуіне жайлы болған тағы да бірнеше жағдайды айта кеткен ләзім. Мысалы, қазіргі таңда аңның азайып-көбеюіне тікелей әсер ететін жыртқыштар, ауру-сырқау мен паразиттер азайған екен. Сонымен бірге, соңғы жылдары Арқада қыс жайлы болып, жануарлардың қысылмай шығуына мол мүмкіндік туған. Міне, осындай жағымды өзгерістердің арқасында бүгінде Арқа төсіндегі арқарлардың саны жеті мыңға жетіп отыр.
Жалпы, Қарағанды облысының аумағында арқарларды авиациялық санау мен оның санына мониторинг жасау он жылдан бері ұдайы жүргізіліп келеді. Мамандардың айтуынша, автокөлікпен аралап жүріп санағанмен авиацияның көмегіне жүгініп санақ жүргізудің айырмасы жер мен көктей екен. Құс қанаты жетер биіктен қарағанда және санағанда, жердегі жануарлардың дәл санынан жаңылудың мүмкін емесі белгілі.
Тегі, арқарды тікұшақтан санауды да оңай шаруа деп айта алмайсыз. Жануарлар үркіп, жан-жаққа бытырай қашқанда ұшқыштарға кейде нартәуекелге бел буып, шоқыларды бауырлай ұшуға тура келеді. Кейде мынадай да жағдайлар болып тұрады екен: арқар үйірі кейбір кезде үрікпей, жартастың қалқасында, көлеңкелі тұстарда ұйлығып тұрып қалатын көрінеді. Ондай сәттерде, тікұшақтың амалсыз сол маңға бірнеше мәрте шүйлігуіне тура келеді. Бір санаған арқар екіншілей есепке ілініп кетпес үшін, үйірлерді бөлшектеп тастайтын кездер де жиі болып тұрады. Мұның бәрі санақтың мейлінше дәл шығуы үшін істелінетін амалдар екен.
«Былтыр облыс аумағында арқарлар санағы МИ-2 тікұшағының көмегімен 45 сағат бойы жүргізілді. Санақты «Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ мамандарының қадағалауымен «Охотзоопром» және «Зоология институты» мекемелерінің өкілдері жүзеге асырды», дейді мекеме басшысы Андрей Ким.
Санақ нәтижесі көрсеткендей, 2019 жылы Қарағанды облысын мекен еткен арқарлардың саны 7275 басты құраған. Мұның алдындағы жылдармен салыстарғанда, аңның бұл түрі ұдайы өсіп келеді екен. Мысалы, 2017 жылы 6968 бас болса, 2018 жылдағы арқар саны 7184 басқа жеткен. Осы орайда, арқардың санын сақтап қалу үшін айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы зор екенін айтпай кетуге тағы болмайды.
Жасыратыны жоқ, бүгін арқардың басты жауы төрт аяқты қасқыр емес, екі аяқты «жыртқыштар» болып тұр. Қазір жерінің асты қазба байлықтарына тұнып тұрған Қарағанды облысында геологиялық барлау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр, ауыл шаруашылығының да ақырындап болсын өркен жайған түрі бар. Яғни пенде баласының тойымсыз тірлігі «Қызыл кітапқа» енген қайран жануарларды байырғы мекенінен бірте-бірте ығыстырып келеді. Алдағы уақытта бұл мәселенің ақылға қонымды бір шешімі табылмаса, бүгін көбейді деп отырған арқарларымыздың күні ертең Арқадан ауып кетпесіне кім кепіл...
Қарағанды облысы
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
• Бүгін, 12:18
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
• Бүгін, 12:06
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 12:05
Сарапшылар құбырдағы судың сапасын тексерді
Экология • Бүгін, 12:03
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 11:49
Nur Otan-ның жұмысын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
Қоғам • Бүгін, 11:45
Экономика • Бүгін, 11:44
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
• Бүгін, 11:36
Елбасы Түрікменстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы • Бүгін, 11:20
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Қоғам • Бүгін, 11:14
Қазақстанның Қырғызстан және Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:08
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:56
ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:39
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:30
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Биыл 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Құрттың ішінен есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Спорт • Бүгін, 09:40
Қызылордада ауа сапасы нашарлайды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 09:20
Ақтоты Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Өнер • Бүгін, 09:14
Кәсіпқой бокс: IBF-тің рейтингі жарияланды
Спорт • Бүгін, 09:11
Елімізде бір тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Теннис • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:54
«Сары мысық» фестивальді ашады
Кино • Бүгін, 07:52
Руханият • Бүгін, 07:50
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Оқиға • Бүгін, 07:40
Әлем • Бүгін, 07:38
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Жұмыскерлер жалақысы 30 пайызға өседі
Қоғам • Бүгін, 07:29
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қоғам • Бүгін, 07:27
Шымкенттіктерді қоныс аударуға шақырды
Аймақтар • Бүгін, 07:26
Заң шығару талаптары жаңартылды
Саясат • Бүгін, 07:25
Бірінші тоқсанда – 19 848 бірлік автомобиль
Экономика • Бүгін, 07:24
Бурабай баурайындағы берекелі бірлік
Аймақтар • Бүгін, 07:22
Вокзалдардағы шектеулер туралы
Қоғам • Бүгін, 07:20
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 07:17
Көп қабатты тұрғын үйге сұраныс көбейді
Қоғам • Бүгін, 07:14
Сұхбат • Бүгін, 07:13
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Ауыл • Бүгін, 07:12
Астық егетін аймақтарда науқан мамырда басталады
Экономика • Бүгін, 07:12
Төрт боксшы ширек финалға шықты
Бокс • Бүгін, 07:10
45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды
Қоғам • Бүгін, 07:05
Инвестициялық штаб жиынында қаралды
Үкімет • Бүгін, 07:01
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
Қоғам • Кеше
Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды
Спорт • Кеше
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Кеше
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Кеше
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Кеше
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Кеше
Теннис • Кеше
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Әлем • Кеше
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Кеше
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Кеше
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Кеше
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар