Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, қазіргі таңда еліміздегі ең ірі курорттық орындарда жазғы туристік маусымның соңына дейін бос орын жоқ. Алдын ала бронь төлеген демалушыларға Алакөлдің жағалауында және Щучье-Бурабай курорттық аймағында еркін демалуға жағдай жасалғаны, карантин тыйымдарының оларға оншалықты кедергі келтіре қоймағаны курорттық орындардың қаңырап қалмауына ықпал етті деуге болады.

Бурабай мен Алакөлде 350 мың адам демалды
Елімізде эпидемиялық жағдай нашарлаған кезде санитарлық дәрігерлер Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл жағалауында және Щучье-Бурабай курорттық аймағында демалушыларды қабылдауды тоқтату туралы қаулы шығарған болатын. Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтқандай, курорттық аймақтардағы демалыс орындарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бекітілген броньдар бойынша ақшалай қаражат қайтарылмауы үшін Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, санитарлық дәрігерлердің қаулыларына толықтырулар енгізу мүмкіндігін талқылаған. Нәтижесінде, алдын ала төленген бронь арқылы демалушыларды қабылдауға рұқсат етілді.
– Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл жағалауында отбасының бір мүшесіне ПТР анықтамасы болса, бұрын көзделген талаптарды ескере отырып демалуға болады. Блок-постардағы өткізу жүйесі туристерді орналастыру орындары ұсынған броньның бар-жоғы туралы деректермен салыстырылып, жіті тексеріледі, – дейді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы.
Комитет төрағасының айтуынша, қалалар мен облыстардың әкімдіктерінде туристік нысандардың қабылданған алгоритмдерге сәйкестігін тексеретін тұрақты мониторингтік топтар құрылған. Бизнес бұл мәселеге жауапкершілікпен қарады, туристік маусымның басталуына мұқият дайындалып, қорғау құралдарын сатып алып, нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық талаптарын сақтай отырып жұмыс істеді. Тиісті комитет өкілдері әкімдіктердегі әріптестерімен бірге бірқатар демалыс базасын аралап, оған толық көз жеткізді. Бүгінгі таңда туристерді орналастыру орындарының 75%-ға жуығының дайындық актілері бар, келушілерді қабылдауға дайын.
– Егер бизнес пен азаматтар барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтаса, ел карантиннен тез шығады, осы қиын кезеңдерден тез өтеміз. Әлеуметтік қашықтықты сақтауды, бетперде тағуды, белгіленген карантиндік талаптарды ұстануды және демалыс орындарының шегінен шықпауды, ортақ пайдаланылатын жерлерге жиналмауды сұраймыз. Туристік бағыттардағы табиғи нысандар мен инфрақұрылымды пайдалануға барынша жауапкершілікпен қараңыздар. Сізден кейін басқалар келіп, табиғатымыздың сұлулығынан ләззат алу керек екенін есте ұстаған жөн, – дейді Д.Рыспеков.
Жыл басынан бері Щучье-Бурабай курорттық аймағында және Алакөл жағалауында 350 мыңға жуық адам демалды. Мұны жақсы көрсеткіш деп айту қиын, әрине. Бұл аймақтар ғана емес, жалпы республика бойынша туристік сала көрсеткіштері төмендеді. Дегенмен, курорттық нысандар халық тарапынан демалуға деген сұраныстың жоғары екендігін ескере отырып, санитарлық-эпидемиялық жағдай тұрақты болған жағдайда күзгі-қысқы кезеңде көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Шетелге әуе рейстері ашылмақ
20 маусым мен 4 шілде аралығындағы кезеңде 622 қазақстандық азамат туристік компаниялардың жолдамасы бойынша Түркияда демалуға мүмкіндік алған. Осылайша, сыртқы туризм саласындағы компаниялар туристер алдындағы, оның ішінде бұрын ауыстырылған жолдамалар бойынша міндеттемелерін орындауды бастап кеткен еді. Өкінішке қарай, эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Түркиямен арадағы рейстер уақытша тоқтатылды.
Тиісті талап бойынша, шетелде вирус жұқтырған Қазақстан азаматы басқа адамдардан оқшаулануға тиіс. Ал емдеу туристік нысан аумағында, яғни қонақүйде жергілікті клиникалық хаттама аясында жүргізіледі. Шығындар туристік пакетте қарастырылған сақтандыру есебінен өтелуге тиіс. Оның ішіне ПТР-тестінің құны кіреді. Мысалы, Біріккен Араб Әмірліктерінде вирусқа екі рет тексеру жүргізіледі. Ресми мәліметке сүйенсек, шетелде демалуға кеткен 622 турист Қазақстанға оралуы керек.
Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, эпидемиялық жағдайдың түзеліп келе жатқанын ескере отырып, қазір бірқатар елдермен арада әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелері қарастырылып жатыр. Соның нәтижесінде тамыз айында Таиланд пен Грузияға рейс ашылуы мүмкін.
«Kazakh Tourism» жағдайға бейімделіп келеді
Сөз жоқ, пандемия дүние жүзі бойынша туризм саласына үлкен соққы болды, туристік компаниялар және осы сектормен тығыз байланыстағы салалардың біразы оның зардабын әлі де шегуде. Соны ескере отырып, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ішкі туризмді дамыту қызметі мен шығыстарын қайта қарады. Компания басшысы Ержан Еркінбаевтың айтуынша, қалыптасқан жағдай ескеріліп, биылғы бюджеті 2019 жылмен салыстырғанда 56 %-ға қысқарды. Штат саны да 20%-ға азайған.
– Басқарушы құрам да қосымша қысқартылып, барлық өндірістік шығындар оңтайландырылды. Бірақ карантиндік шаралар күшейген кезде туристік ойындарды дайындау, өнімдердің ассортиментін кеңейту, жергілікті жерлерде сервис орнату мүмкіндігін барынша пайдалануға мүмкіндік болатынын да ұмытпау керек. Санаторилік-курорттық демалысқа, экологиялық, этнографиялық, аграрлық және туризм керуенін дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің демалысына, қолөнер қызметтері сапасына баса назар аударылады. Бұрын біз табысты шетелдік тәжірибені зерттей отырып, туристік қызметтерді стандарттаудың өзіндік моделін әзірлеуді жоспарлаған болатынбыз. Бүгінгі таңда бұл жұмысқа жергілікті сарапшыларды тартуды бастадық, ол жылдың соңына қарай аяқталады. Шілде айының соңына дейін Қазақстанда агротуризмді дамыту моделін әзірлеу бойынша далалық зерттеуді бастаймыз, соның шеңберінде туризмнің осы перспективалы түрін дамыту бойынша оңтайлы тәсілдер ұсынылады. Санаторлы-курорттық нысандар мен танымал туристік маршруттарға қатысты да зерттеу жүргізіледі, – деді «Kazakh Tourism» басшысы.
Оның айтуынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бір бөлігі туристер сапарлайтын орынға айналмақ. Эпидемиялық жағдай жақсарған соң осы бағыт бойынша арнайы экспедиция жолға шығады.
– Қыркүйек айында эпидемиялық жағдай тұрақтанған кезде караванинг-экспедиция ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсат – Жібек жолының бойында кемпинг, караванинг және автотуризмді дамыту. Экспедицияның жүру бағыты ретінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойындағы ҚХР шекарасынан Өзбекстан шекарасына дейінгі жол таңдап алынды. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып демалудың ең көп тараған түрі дәл осы караванинг туризм. Қытай мен Ресейде ондаған миллион адам джип-турларды қоса алғанда, автоүйлермен, мотоциклмен немесе автомобильмен саяхатқа шығады, ал Еуропада жыл сайын шамамен 6 млн автокеруен сапарлайды, – деді Е.Еркінбаев.
Этнотуризмге қатысты да қызықты жобалар бар. Мәселен, Жошы ханның мазары тартымды бағыттардың бірі саналады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлытау» жобасы жүзеге асырылуда. Жыл соңына қарай «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Кешен аумағында этноауылды орналастыру жоспарлануда. Туристерге жайлы болу үшін қазір осы бағытта инфрақұрылым салынып жатыр.
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Бүгін, 22:30
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 21:30
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Бүгін, 21:25
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар