Білім • 03 Тамыз, 2020

Қазақстандық оқушылар төрт қола медаль жеңіп алды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның құрама командасы химия пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысты (International Chemistry Olympiad-IchO). Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команда төрт қола медаль жеңіп алды. Covid-19 коронавирустық инфекция пандемия­сы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті.

Қазақстандық оқушылар төрт қола медаль жеңіп алды

Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менде­леев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды.

Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері қола медальға ие болды. Жеңімпаздар қата­рын­да Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ-ның оқушысы Хайдар Қайырбек; Нұр-Сұлтан қала­сындағы химия-биология бағы­тындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ-ның оқушысы Әбілмансұр Мужубаев және дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интер­натының оқушысы Бақдәулет Сейсенқұл; Алматы қаласындағы «Galaxy» халықара­лық мекте­бі­нің оқушысы Киб­риянур Абдугафарова бар.

Құрама команданың жат­тық­тырушылары – Қ.Сәт­баев­ атын­дағы Қазақ ұлт­тық тех­ника­лық зерттеу университетінің химия­лық инженерия магистрі Ер­нұр Төлеп пен «Назарбаев Универ­ситетінің» магистранты Әзім Аманжолов еңбегінің нәти­жесінде қазақстандық оқу­­­­шы­лар химия пәнінен 52-ші­ халық­аралық олимпиадада­ елі­мізді лайықты деңгейде көр­сете білді.

Жалпы, Халықаралық химия олимпиадасы (International Chemistry Olympiad-IChO) – дарынды оқушыларға арналған химия пәні бойынша жыл са­йын өтетін дәстүрлі халықаралық олимпиада.