Егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, жарқын болашаққа жетелеген, сан ғасырлардағы бабалар арманын баянды еткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихымызда алатын орны ерекше. Ел тірегі, ұлт мақтанышы, Ұлы даланың ұлттық ұстанымдарын бойына сіңірген Елбасы 1991 жылы ұлы Абайдың еліне келген сапарында: «Қазақ халқының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі ұлы Абайдың аруағына басымды идім», деп ұлылыққа тағзым етті. Бұл қазақ халқы үшін, оның ішінде ұлы ақын есімімен аталатын Абай ауданы үшін үлкен құрмет, ерекше мәртебе екендігін айтуымыз қажет.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихынан айшықты орын аларлық маңызды шешім қабылдады. Ол адамзаттың асылы, біртуары Абай бабамыздың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу жөнінде пәрмен беруі болды.
Ақын мерейтойына арналған дайындық облыста белсенді жүргізілді. Осыған орай облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен бірнеше рет Семей қаласында және Абай ауданында болып қайтты.
Абай театры, Абай музейі және Абай атындағы алаң жаңа келбетке ие болмақ.
Бүгінде Семейдегі Абай алаңында ауқымды қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Ұлы ақынның құрметіне аталған театр да жаңарып, жаңа келбетке ие болмақ. «Бұл орайда сыртқы безендіру, фойе және көрермендер залының жобаларын таңдадық», дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. Абай музейінде де күрделі жөндеу жүргізілуде. Музей алдына ұлдарымен бірге тұрған ақынның жаңа ескерткіші қойылады. Абай театрының және Абай алаңының қайта жаңарту құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр.
Тамыздың 15-іне дейін Абай атындағы театрдың жөндеу жұмыстары толық аяқталмақ. Өнер ошағының келбеті адам танымастай өзгереді деп күтілуде. Заманауи акустикалық жүйе, кең және жайлы көрермен залы – осының бәрі театрды жарық әрі кең етуге мүмкіндік береді.
«Қазір орталық фресканы қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек», деді облыс әкімі.
Бүгінде Абай ауданы бұрынғыдан ерекше бой түзеп, күн сайын көркі артып, гүлденуде. Осы орайда, облыс басшылығының ұлылар мекеніне, ақынның туған еліне ерекше құрметпен, ыстық ықыласпен қарайтындығын атап өткен ләзім.
Атап айтсақ, ақын мерейтойына орай 2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы облыстық маңызы бар Семей-Қарауыл автомобиль жолының 128,8 шақырымына орташа жөндеу жүргізілген. Былтыр аталған жолдың қалған 32 шақырымына жөндеу жүргізілді.
2018 жылы аудан халқының спортпен айналысуына, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік тудыру мақсатында 262,3 млн теңгеге ұзындығы 25 метр болатын бес жолақты жүзу бассейні салынды.
«Берекелі болса ел, жағасы жайлау ол бір көл» деп, Абай атамыз айтқандай, аудандағы мәдениет пен өнерді дамытуды қолдау жөніндегі «Парыз» қоғамық қоры арқылы аудан халқы өз демеушілігімен Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығы мен Абай ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай 2018 жылы адамзаттың асылы Абай Құнанбайұлына Қарауыл ауылында таза қоладан ескерткіш тұрғызылып, 2019 жылы даңқты батыр, қазақ-қалмақ соғысының бас қаһармандарының бірі Тоқтамыс Лақаұлына 290 жыл толуына орай батыр ескерткіші бой көтерді.
Облыстық бюджеттің төртінші деңгейіне өткен ауылдарға қаржы бөлініп, соның ішінде Қарауыл ауылындағы «Абай алаңының» жалғасы толығымен абаттандырылды. Алаң ішінде әуен ойнап тұратын субұрқақ пен «Street workout» алаңы салынды. Жарық шамдары ауыстырылды.
Былтыр Кеңгірбай би ауылында қазіргі заманға сай 100 орындық көрермен залы бар жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Халықтың рухани қажеттілігін өтеу мақсатында мұнда 14 мәдениет қызметкері еңбек етуде. Екі қабатты ғимаратта кітапхана, компьютер залы, дайындық бөлмелері және тағы басқа бөлмелер бар.
Облыс әкімінің тапсырмасымен биыл Абай ауданында жиыны 19 жоба іске асырылып жатыр.
Соның бірі – ақынның кіндік қаны тамған «Сырт Қасқабұлақ» мекені.
Бүгінде Сырт Қасқабұлаққа кіреберіс жол орташа жөндеуден өтіп, асфальт төселді. 2019 жылы Абай аудандық мәдениет үйі теңгеріміне алынып, ақын дүниеге келген бұлақ басы адам танымастай өзгерді. Бұлақ басы толығымен абаттандырылды. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деген стелла тұрғызылды. Алдағы уақытта рухани байлығымыз – салт-дәстүрімізді дәріптеу, туризмді дамыту мақсатында этноауыл ұлттық-мәдени кешенін ашып жатырмыз. Сырт Қасқабұлақ осылайша келушілерге тамаша демалыс сыйлайтын, туған жердің қасиетін, өлеңнің рухын сезіндірген басты нысанға айналды.
Сонымен қатар Ақшоқыда Құнанбай музейі салынып жатыр.
Ақшоқы – еліміздің тарихи-мәдени, әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі Құнанбайдың ел алдындағы еңбегін ұмытпауымыз керек» деген болатын. Мемлекет басшысының ұлағатты ойының түпкі мәніне орай облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қорым аумағы кеңейтіліп, заманға зай өзгерістер жасалды, қорым толығымен абаттандырылды. Зират ішіндегі тозығы жеткен белгітастар жаңартылды. Алаңға брусчаткалар жайылып, келушілерге қолайлы жағдай тудыру мақсатында панажайлар қойылды. Қоршау ішіне ұлы Абайдың әкесіне арнаған сөздері жазылып, әсемдік үшін гүлдер отырғызылды.
Аудан орталығы Қарауыл мерейтой қарсаңында қайта жаңғырды.
Облыс әкімінің тапсырмасына орай Қарауыл ауылында 300 орындық жаңа мектептің салынуы – мерейтой қарсаңында Абай ауданына деген айрықша тарту болып отыр. Сол сияқты Қарауыл ауылындағы су құбырын толығымен жөндеу жобасы да қолға алынып отыр.
Хакім мерейтойын атап өтудің негізгі орны. Қарауыл ауылындағы жаңадан салынған «Абай саябағы» болмақ. Бұрын-соңды бұл өңірде болмаған алып жаңа саябақтың ұзындығы 600 метр, ені 250 метр, жалпы аумағы 15 гектарды құрайды.
Той қарсаңында көптен бері жөндеу көрмей, ескіріп кеткен «Жидебай» мемориалдық кешеніне бұрылыстағы стелла алаңы да абаттандырылып жатыр. Абайдың ата қонысы саналатын Жидебай елді мекені ел тарихындағы маңызы зор, киелі орын. Ұлы Абайдың 125 жылдығында салынған стелла заманның ықпалымен әбден ескірген. Уақыт талабына сай стелла жасалып, асфальт төселді, дәретхана, брусчаткалар, демалу орындары жасалды.
2015 жылы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі құрамындағы Жидебай қорығында мәдени-тұрмыстық кешен пайдалануға берілген болатын. Аталған кешенге ұлы баба мерейтойы қарсаңында аймақ басшысының шешімімен облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, заманауи талаптарға сай жөндеу жұмыстары жасалуда екен.
Сондай-ақ Бөрілі елді мекені мен Бөріліге бұрылыстағы стелланы абаттандыру жобасы да қолға алынып, ондағы Мұхтар Әуезов мұражайының аумағындағы жаңарту жұмыстары бүгінде толық аяқталды.
Ұлы Абайдың мерейтойы аясында Бөрілі мұражайында ауқымды шаралар атқарылды. «Бөрілі – Мұхтар Әуезовтің туған жері» стелласы жаңартылды. Сонымен қатар музей алдына кіші архитектуралық формадағы кітап оқып, білім алушы «Жас Мұхтар» мүсіні орнатылды. Ауылға 29 жарық шамдары жəне 10 декоративті шамдар орнатылып, балаларға арналған «STREET–WORKOUT» спорттық ойын алаңы салынды. Сондай-ақ Мұхтар Әуезовтің әкесі мен анасының зиратына барар жолға брусчатка жайылып, қорым маңайы абаттандырылды. Мердігер компанияның демеушілігімен Мұхтар Әуезовтің немере ағасы Қасымбек Әуезұлы мен Ғалия Ахметбекқызының зираттарына мрамордан тас қойылды.
– Қарауыл ауылындағы Мамай батыр, Ұлжан, Әйгерім, Тоқтамыс, Мұхаметханов, Бекбосынов көшелерінің жолдарын орташа жөндеуді аяқтадық. Бұл да халық үшін қайырлы істердің бірі болды, – деді аудан әкімдігі – бұл жобалар бойынша жұмыстар аяқталған. Сонымен қатар Көкбай, Саржал, Құндызды, Кеңгірбай би ауылдарындағы бір-бір көше жолдары қайта жөнделуде. Мамай батыр көшесіндегі 16 көппәтерлі және 67 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қарауыл ауылындағы бұл көппәтерлі тұрғын үйлер ұзақ мерзім қараусыз, қадағалаусыз қалған болатын. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейінгі мемлекеттік тұрғын үймен қамту бағдарламасын орындау мақсатында жүргізіліп отыр. 16 көппәтерлі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары тамыз айының басында аяқталып, ауылдағы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға берілмек.
Сонымен қатар қазіргі уақытта меншік қаражат есебінен 2 пәтерлі 3 үй құрылысы жүріп жатыр және 2 пәтерлі 12 үйдің құрылысы басталады деп жоспарлануда екен. Жалпы, жыл соңына дейін 2 пәтерлі 15 үй 30 көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға беріледі деп жоспарлануда. Жоғарыда аталған жағдайларды ескере келе 46 көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етілмек. Аудан орталығы Қарауыл ауылына 4,4 шақырым көше жолдарына тротуар орнату бойынша жұмыстар атқарылмақ. Бұлардың ішіне Сүндетбаев көшесі (0,5 шақырым), Мамай батыр көшесі (0,6 шақырым) Абай көшесі (0,7 шақырым) Бекбосынов көшесі (0,7 шақырым) және Абай Құнанбайұлы саябағына баратын жолдар (1,9 шақырым) кіретін болмақ.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист
Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы
Талғарда өрт салдарынан баспанасынан айырылған отбасы үйлі болды
Аймақтар • Бүгін, 18:51
AsiaCredit Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемнің 70%-ға жуығы төленді
Экономика • Бүгін, 18:40
Президент Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға қолға қойды
Президент • Бүгін, 18:35
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:33
Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы Елшісі болып тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:32
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Бүгін, 18:30
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:16
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Бүгін, 18:15
Қызылордада экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалар талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 18:03
Технология • Бүгін, 18:02
Қостанайда жылқы өз иесін қатты аяздан аман алып қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 17:40
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Бүгін, 17:29
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Бүгін, 17:25
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Денсаулық сақтау вице-министрі пандемияда қабылданған шаралар туралы айтты
Қазақстан • Бүгін, 17:20
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:06
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Шағын несиелер мен жедел несиелердің тәуекелі өте жоғары
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 13:52
Алматы облысында көлік 4 оқушы қызды қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:28
Шарын шатқалында Түркістан сілеусіні видеотұзаққа түсіп қалды
Экология • Бүгін, 13:20
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды
Өнер • Бүгін, 12:58
Алматының санитарлық дәрігерлері коронавирус ревакцинациясын жалғастырып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:39
АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі
Қазақстан • Бүгін, 12:35
Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдеріне арналған акциздер туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Ұқсас жаңалықтар