Абай • 10 Тамыз, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгінгідей қиын шақта Абай мұрасына жүгіну өте өзекті болып отыр

1602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас басылымда жарық көрген «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында  осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынтымағымызды арттыра түсу аса маңызды екенін айтты. Президент Ұлы кемеңгердің де жан-жүрегімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы болғандығын, сондықтан бүгінгідей қиын шақта Абай мұрасына жүгіну өте өзекті  болып отырғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгінгідей қиын шақта Абай мұрасына жүгіну өте өзекті болып отыр

«Абай өнегесінің құны дәуір алмасқан сайын артпаса, кемімейді. Ол баршаға түсінікті әрі күллі адамзатқа ортақ. Оның қара өлең болып өрілген және қара сөз болып төгілген оралымды ойлары әлі күнге дейін өмірлік бағдар болып келеді.Ұлтының болашағы үшін қам жеген ұлы ойшыл күллі жұртшылықты да махаббат пен мейірімге үндеді. Ақынның осындай адамгершілік қағидаттары еліміздің бүгінгі ұрпақтары үшін де аса қажет», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.