Іс-шара Шымкент қаласы әкімдігінің, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Бүгінгі таңда Шымкентте 4 кәсіпорын 2024 жылдың соңына дейін 2 млрд.теңге сомасына 23 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде 1,7 млрд. теңге сомасына 12 жоба іске асырылды. («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Бал Текстиль» ЖШС, «Karlskrona LC AB» ЖШС). 2024 жылға дейін инвестиция көлемі 517,4 млн. теңге болатын цифрлық технологияларды енгізу бойынша 11 жобаны іске асыру жоспарлануда
Д. Р. Щеглова Министрліктің өнеркәсіптік нысандарды цифрландыруға бағытталған кейбір бастамалары туралы қысқаша айтып берді:
- «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ және «QazIndustry» АҚ бірлесіп құрылған технологиялық платформаның көмегімен отандық өнеркәсіптік және АТ кәсіпорындарын қолдаудың экожүйесін құру қажеттілігі»;
- өнеркәсіпті цифрландыру және Индустрия 4.0 көшу үшін жағдай жасау жөніндегі негізгі қадамдарды айқындау;
- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізу үшін кәсіпорындарды цифрландыру бойынша ұсыныстар .
Сондай-ақ, кеңесте Шымкент қаласындағы жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі «Химфарм» АҚ-ның баяндамасы тыңдалды, онда «QazIndustry» АҚ бағалауына сәйкес цифрландыру деңгейі орташа деңгейден жоғары болып табылады.
Талқылау барысында мемлекеттік бағдарламаға енгізу үшін кәсіпорындарды цифрландыру бойынша ұсыныстар енгізуге байланысты көптеген практикалық мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Кеңеске қатысушылар өнеркәсіптік кәсіпорындардың осы үдерісіндегі айқындаушы рөлін атап өтті.
Кеңес барысында тараптар барлық мүдделі тараптардың қатысуымен осындай жұмыс форматы пікір алмасудың және өнеркәсіпті цифрландыру деңгейін арттыру және Индустрия 4.0 көшу мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеудің тиімді тәсілі болып табылатынын атап өтті, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.