24 Қазан, 2013

Дін саласындағы мемлекеттік саясат

960 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Оны құқықтық қамтамасыз етудің жолдары қандай?

Парламент Сенатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы – дін жөніндегі тапсырмаларды орындау аясындағы мемлекеттік саясатты құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша кездесу болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

 

Оны құқықтық қамтамасыз етудің жолдары қандай?

Парламент Сенатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы – дін жөніндегі тапсырмаларды орындау аясындағы мемлекеттік саясатты құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша кездесу болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми, діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуді аша келіп, Парла­мент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов ұлтаралық және конфес­сияаралық толеранттылық, өзара түсіністік және келісім Қазақ­­­стан мемлекеттігін нығайту мен қоғамдық тұрақтылықты қамта­масыз етудің негізгі фактор­лары­ның бірі екенін атап өтті.

«Діни қатынастарды одан әрі мемлекеттік реттеудегі тәжі­рибесін құқықтық тұрғыда бекіту үшін 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданған болатын», деді А.Бижанов. Заң ережелері адам құқықтарын қорғау шараларын күшейту арқылы бүлдіргіш және бейәлеуметтік сипаттағы діни қызметке тосқауыл қою, діни бір­лестіктер қызметін тәртіпке келтіру және оны азаматтық заң­намаға сәйкестендіру, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа қатысты еліміздің құқықтық кеңістігіндегі олқылықтарды толықтыруды қарастырады.

Сенатор сондай-ақ «Қазақстан - 2050» Стратегиясында қоғамдық және діни мүдделердің орнықты тепе-теңдігіне қол жеткізуге бағытталған бірқатар міндеттер алға қойылғанын атап өтті. Ол міндеттердің ішінде Қазақстан заңнамасын жетілдіру, елдегі әлеуметтік, этностық және діни шиеленістерді ескертудің жаңа сенімді тетіктерін қалыптастыру, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің беретін артықшылықтарын пайдалану бар.

Кездесуге қатысушылар алдын­­да Дін істері агент­­­тігі төрағасының міндетін ат­қа­­­рушы М.Әзілханов сөз сөй­­леді. Ол өзінің сөзінде діни қаты­настар саласындағы нор­ма­тив­тік-құ­қық­тық базаны жетіл­дірудің, оның ішінде дінта­ну сараптамасын жүргізудің, діни мазмұндағы әде­б­иет­тер мен басқа да материал­дардың, діни мақсаттағы бұйым­дардың таралуын іске асыру мәсе­лелерінің маңызды екенін атап өтті.

М.Әзілханов халықтың түрлі топтары арасында дәстүрлі емес және жалған діни ағымдардың бүлдіргіш әсерінен халықты қор­ғау мақсатында жергілікті әкім­діктермен бірлесе отырып діни экстремизм мен терроршылдықтың таралуын ескерту, оның ішінде діни сипаттағы интернет ресурстарын пайдалану арқылы Дін істері агенттігінде жүргізіліп келе жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы қатысушыларды хабардар етті. Баяндамашының айтуынша, агенттік қайта тіркелмеген діни бірлестіктерді сот арқылы жою шараларын да қолға алды.

Қаралған мәселелер бойынша талқылауға Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Кененбаев, Бас прокуратураның өкілі Қ.Сейіт­ғапбаров, «Нұр Астана» қалалық орталық мешітінің бас имамы Н.Өтпенов, Успен шіркеуінің бас діндары архимандрит Сергий, Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарының жетекшісі Ю.Денисенко, Қазақстан Респуб­ликасындағы Евангелия-лютеран шіркеулерінің бастығы, епископ Ю.Новгородов, діни мәселелер жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары А.Козырев қатысты.

Талқыланып отырған тақырып бойынша Парламент депутаттары және дөңгелек үстелге басқа да қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Кездесу бары­сында дін және оның құқық қолдану тәжі­рибесі саласындағы заңна­маны же­тілдіру жөнінде нақты ұсы­ныс­тар айтылды.

Соңғы жаңалықтар