24 Қазан, 2013

Банкоматқа «маманданған» баукеспе

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

58514Тараз қаласындағы банкоматтардың бірінен 16 миллион теңге қолды болды. Тәртіп сақшыларына шағымданған екінші деңгейдегі бір банктің әкімшілігі «Жансая» шағын ауданындағы банкоматтағы ақшадан 1 миллион теңге жетпейтінін жазған.

Тараз қаласындағы банкоматтардың бірінен 16 миллион теңге қолды болды. Тәртіп сақшыларына шағымданған екінші деңгейдегі бір банктің әкімшілігі «Жансая» шағын ауданындағы банкоматтағы ақшадан 1 миллион теңге жетпейтінін жазған.

Жедел іздестіру іс-шара­ларының нәтижесінде ішкі істер органының қызметкерлері 37 жастағы Тараз тұрғынын ұстады. Ол банкоматтардың қызметін қадағалайтын техник болып істегендіктен оның қыр-сырын жақсы білетін болып шықты. Ал тексере келгенде ол «банкомат ұрлығына» тамыз айынан бас­тап кіріскені анықталды. Банк шығыны – 16 миллион теңге.

Баукеспенің айтуынша, ол ұр­лаған ақшаның бәрін құмар ойындарына жаратқан-мыс. Бүгінгі күнге дейін өзінде бар болғаны 3 миллион теңге мен 1000 АҚШ доллары қалыпты. Күдікті қамаққа алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

ТАРАЗ.

Соңғы жаңалықтар