Қоғам • 17 Тамыз, 2020

Пархач көлі неге ластанды?

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы Пархач көлінің ластануы қызу талқыланды.

Пархач көлі неге ластанды?

Шаһар тұрғындары жағалауда шашыл­ған қоқыстар мен қырылып қалған балықтар мәселесіне шағымданып, бұрын бұл су айдынында балықтарға қауіп болмағанын жеткізген. Ал Түрксіб ауданының әкімдігі бұл көлдің 2017 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ақ Отау груп» ЖШС «Қазақ өндірістік-бейімдеу стансасы» РМКК-ға берілгенін атап өтті.

«Теңгерімде ұстаушы мекеменің мәліметіне сәйкес, көлді абаттандыру жос­парланған. Аудан әкімі аппаратының тарапынан теңгерімде ұстайтын мекеме территорияны дұрыс сақтамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылды», дейді аудан әкімдігі.

Жуырда аталған көлге Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы қалалық экология департаменті, «Қазгидромет» және Алматы қалалық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы қызметкерлері барды. Олар су сынамаларын алып, балықтардың жаппай қырылуының себебін анықтайды.

Экология министрлігі кезекті рет азаматтарды демалыс аймақтарында тазалық және тәртіп сақтауға, қоқысты жинап жүруге шақырады. Заңбұзушылықтар болған жағдайда кінәлілер жазаланады. Жақын арада азаматтардың қоршаған ортаға келтірген зияны үшін жауапкершілік күшейтіледі.