Экономика • 18 Тамыз, 2020

Жобаның екінші кезеңін қаржыландырды

132 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңғыртылған өндірісті іске қосу кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Жобаның екінші кезеңін қаржыландырды

«Астана-Ойл» мұнай үйі» ЖШС «Қазына Капитал Менедж­мент» АҚ-тан (ҚКМ) ҚКM Sustai­nable Development Fund I C. V. (BV Mana­gement ЖШС басқаруында) еншілес тікелей инвестициялар қоры ар­қылы Степногор қаласындағы шағын МӨЗ жаңғыртудың 2 кезеңін іске асыру үшін 941,2 млн теңге мөл­шерінде екінші транш алды. Жоба ҚКМ-ның жеңілдікпен қар­жы­ландыру бағдарламасы бойынша инвестициялар және кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 3,9 млрд теңге көлеміндегі бірінші транш «Астана-Ойл» мұнай үйі» ЖШС-на 2019 жылдың қыркүйегінде жіберілді.

Шағын МӨЗ арктикалық қыс­қы дизель отынын өндіруге маман­дан­дырылған, алынған инвести­циялар өндірісті жаңғыртуға бағытталған. Атап айтқанда, ҚКМ-нан алынған екінші транш жазғы дизель отыны мен газ конденсатын қысқы дизель отынының, жоғары октанды бензиннің, пропан-бутан сұйы­тыл­ған газының, пеш және кеме оты­нының жоғары сапалы сұрыптарына қайта өңдеу үшін көмірсутектердің орташа фракцияларының ката­ли­тикалық конверсия блогы бар «OPTIMA-150» МК мұнай өң­деу қондырғысын енгізуге пайдала­нылатын болады. Жаңа иннова­циялық технология қайта өңдеу те­реңдігін 95%-ға дейін арт­ты­руға, технологиялық процесті же­ңіл­детуге және арзандатуға, қосылған құны жоғары мұнай өнім­дерін шығаруға және өңірде жаңа жұмыс орындарын құруға мүм­кіндік береді.

– Айналым қаражатын толық­тыруға бірінші транш бойынша алын­ған инвестициялар арқылы біз қайта өңдеу үшін шикізат жеткізуді тұрақтандырдық және арттырдық, бұл жаңғырту аяқталғаннан кейін кәсіпорынға толық өндірістік қуат­тылыққа шығуға және елдегі мұнай өнімдері нарығында аркти­ка­лық пен сапалы қысқы дизель отынының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді, – дейді «Астана-Ойл» мұнай үйі» ЖШС бас директоры Владимир Грищенко. – Жаңғыртуды белгіленген мерзімде іске асыруды жоспарлап отырмыз, пандемия зауыттың қызметіне ай­тарлықтай әсер етпеді, өйткені ди­зель отынын негізгі ірі сатып алу­шылар, атап айтқанда, жер қой­науын пайдаланушылар өз өнім­дерін өндіруді жалғастыруда және мұнай өнімдерін толық көлемде сатып алып жатыр. Кәсіпорындағы барлық жұмыс орындары сақталды, өндіріс кесте бойынша жүргізілуде, дизель отынын жөнелту жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі. Жаңа мұнай өңдеу қондырғысын енгізгеннен кейін біз қосымша 10-15 маманды жұмысқа қабылдаймыз.