Пікір • 19 Тамыз, 2020

Ел-жұрттың есендігі маңызды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір бәріміз де карантин жеңілдетілді деген жағымды жаңалықты естіп, қуанып жатқанымыз рас.

Ел-жұрттың есендігі маңызды

Алайда карантин шаралары жеңілдетілгенімен қауіпті індет елімізден толық кеткен жоқ. Әлі де сырқаттанып, ем­ханада жатқан науқастар бар. Қаншама ақ халатты абзал жандарымыз сол науқас­тардың өмірі үшін, тезірек сауығуы үшін күн-түн демей, аянбай еңбек етіп жатыр. Әрине, бәріміз де бұрынғыдай баратын жерімізге барып, емін-еркін жүргіміз келеді. Ол күн­дерге де жақын қалды. Ол үшін бізге карантин талаптарын жан-жақты сақтауға тура келеді.

Соңғы айлар еліміз үшін өте ауыр болды. Талай адам жақын-жуығынан айырылды. Талай адамның жұмысы тоқ­тап қалды. Мұндай қайғы­лы жағдайлар, мұндай келең­сіздік енді болмасын деп тілей­міз. Ең маңыздысы – ел-жұрт­тың амандығы. Ел-жұрт­тың амандығын ойласақ, карантин жеңілдетілді екен деп барлығын ұмытып, жел­пініп кетпейік, арқаны кеңге салмайық. Қыр­қына шыда­дық қой, қырық біріне де шыдайық, ағайын!

 

Әділ ТҰРҒАНБАЕВ,

дәстүрлі әнші,

Мәдениет саласының үздігі

 

ӨСКЕМЕН