Саясат • 24 Тамыз, 2020

Ықтимал қауіптің алдын алуға мән берген

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады akorda.kz.

Ықтимал қауіптің алдын алуға мән берген

«Қауіпсіздік Кеңесінің Аппа­ратында уәкілетті мемлекеттік орган­дардың өкілдерінің қатысуымен өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамта­масыз ету, сондай-ақ осы саладағы бұзу­шылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша қауіпті химиялық заттардың, жан­ғыш және жарылыс қаупі бар материал­дардың айналымдарына тартылған, қауіптілігі жоғары объектілерде, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Адамдар жаппай жиналатын орын­дарда, газ-техникалық жұмыс­тар өндірісінде, сондай-ақ медици­налық мекемелерде оттегімен жарақ­тан­дыруды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қатамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуге аса назар аударылуы тиіс екені айтылды.