Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Қаулыға қарамастан той жасағандар ұсталды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен демалыстарда Шығыс Қазақстан облысында карантин режимін бұзған азаматтар анықталды.

Қаулыға қарамастан той жасағандар ұсталды

Рейдтік іс-шаралар барысында Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері белгіленген мөлшерден анағұрлым артық қонақ шақырып, той жасап жатқан отбасын анықтаған.  

Облыста карантин ережелері жеңілдетілгенімен үлкен той-томалақтарға рұқсат жоқ. Соның өзіндешектеуге қарамастан, Аягөз қаласындағы мейрамханалардың бірінде дүбірлі той өткен көрінеді. Меймандар мейрамханаға қосымша есіктен кірген. Ал көліктерін маңайдағы аулаларға қалдырып кеткен.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, осыған ұқсас жағдай Бесқарағай ауданында да орын алған. Бұл жақта той емес, спорттық жарыстар өтіпті. Жергілікті тұрғын облыстық санитарлық дәрігердің қаулысына қарамаста ат бәйгесін ұйымдастырған.

— Карантин ережелерін бұзу фактілері бойынша материалдар «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау» департаментіне берілді, - деп атап өтті ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.