Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Білім күніне арналған «Әліппе – білім бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара облыс әкімдігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, облыстық білім басқармасы және облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қолдауымен өтті.

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың жаңа Жолдауында цифрландырудың сән үрдісінің жалғасы емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы екендігі аталған болатын. Жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекеде цифрлы педагогиканың жаңа зертханасының ашылуы символдық мәнге ие.
– Бүгінде адамзат жаһандық ақпараттық-цифрлы қоғамды құруға байланысты өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне қадам басып отыр және осы уақыт талабы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында қамтылған. Біз бағдарламаларды іске асыру IT-құзыреттіліктерге ие кәсіби кадрларды қажет ететінін түсінеміз. Жаңа технологиялар дәстүрлі оқыту жүйесін де, білім беру ортасын да өзгертуде. Педагогикада жақында «digital pedagogy» («цифрлы педагогика») термині пайда болды және бұл ұғым «онлайн оқыту» деген сөз тіркесімен синоним емес. Цифрлы педагогика – әртүрлі цифрлы технологияларды (компьютерлер, гаджеттер, бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.) қамтитын және осының нәтижесінде білім беру қызметтерінің неғұрлым жоғары сапасын қамтамасыз ететін педагогикалық процесс. IT-технологияларды дамыту саласы оқу орнымыздың даму тұжырымдамасында да басым бағыт саналады. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде осы бағытқа көп көңіл бөлінеді, заманауи цифрлы жабдықтармен жарақталған жаңа зертханалар мен оқу аудиториялары ашылуда. Мұның бәрі біздің студенттерге жақсы білім алуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Ал университетте жаңа үлгідегі білім беру технологиялары бойынша кадрлар даярлауға мүмкіндік беретін тағы бір құрылым – цифрлы педагогика зертханасы ашылып отыр, – деді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор Мұхтар Төлеген.
Зертхананы құрудағы мақсат – қазіргі заманғы IT-құзыреттіліктерге ие заманауи білім беру жүйесі үшін педагогикалық кадрларды даярлау, қазіргі заманғы АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) құралдарын тиімді қолдану жағдайында заманауи оқу процесін педагогикалық жобалаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу, оқытудың қосымша нысандарын іске асырудың және мектеп пен колледж педагогтеріне білім беру қызметтерін көрсетудің тиімді тетігін қамтамасыз ету.
Цифрлы педагогика зертханасында оқыту цифрлы білім беру ресурстары, білім берудегі қашықтан оқыту технологиялары, онлайн-оқыту, цифрлы білім беру ортасы, компьютерлік технологиялар және т.б. бағыттар бойынша жүргізілетін болады.
– Біз мектептердегі әріптестерімізге және мектеп түлектеріне, мысалы, ҰБТ-ға дайындықты, ал педагогтерге жұмысқа арналған электронды ресурстар мен жаңа IT-платформаларды, сондай-ақ ресурстардың әдістемелік жиынтығын ұсынамыз: Білім және ғылым министрлігі әдістемелік ұсынымдарын ескере отырып дайындалған бейнедәрістер, бейнеконсультациялар бар. Қазіргі уақытта университет мамандары түрлі тақырып бойынша көптеген бейнематериал, жекелеген оқу пәндері бойынша мұғалімдерге арналған Цифрлы педагогика зертханасында университеттің электронды кітапханасының әдебиеттерін жеке сайтпен және электронды ресурстармен, электронды кітаптармен, аудио жазбалармен және мультимедиалық оқулықтардың платформаларымен пайдалану арқылы әртүрлі вебинарларды онлайн режімде жүктеп отыр, – дейді педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Наталья Радченко.
Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, елде «Цифрлы білім беру» бағдарламасын ауқымды іске қосуды қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі.
– «Дайын ҰБТ» тренажері талапкерге сапалы құрастырылған тест сұрақтарынан өтуге, облыста өз деңгейін, таңдаған пәндерін білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тренажер келесі өту кезінде тест сұрақтарын қиындата алады, – дейді маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаннель Болатова.
Оқу орнының ректоры М.Төлегеннің айтуынша, Шығыс Қазақстан университеті үй шаруасындағы әйелдерден бастап жоғары оқу орындарының оқытушыларына дейінгі азаматтардың барлық санаттары үшін курстық дайындықтарды жүргізе отырып, болашаққа есік ашып, алға қадам басуда.
ӨСКЕМЕН
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 12:37
Вакцина инъекция жолымен енгенде ораза бұзылмайды
Медицина • Бүгін, 12:35
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Бүгін, 12:23
Қазақстанның барлық өңірінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр - Әсет Ерғалиев
Экономика • Бүгін, 12:23
Алматыда уағыз-насихат жұмыстары онлайн өтеді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
2021 жылдың I тоқсанында ел экономикасы тұрақты өсім көрсетті
Экономика • Бүгін, 11:27
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 11:25
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:23
Қостанайға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс тобы келді
ANTIKOR • Бүгін, 11:19
Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады
Коронавирус • Бүгін, 11:18
МӘМС: 2025 жылға қарай қымбат медициналық қызметтер қаржыландырылады
Медицина • Бүгін, 10:58
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 10:55
Бүгін - Қаныш Сәтбаевтың туғанына 122 жыл
Қоғам • Бүгін, 10:34
Nur Otan-ның бақылау комитеті жаңа құраммен толықты
Қоғам • Бүгін, 10:24
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл аймақта» тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:07
Қай қалаларда вакцина сауда орталықтарында салынып жатыр?
Медицина • Бүгін, 10:00
Шымкентте автобус жүргізушісі баланы қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Биыл күзге дейін 10 миллионға жуық адам вакцина алады
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 97 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 09:34
Юлия Путинцева үздік теннисшілер қатарына кірді
Спорт • Бүгін, 09:26
12 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:25
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:06
608 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 08:57
Руханият • Бүгін, 08:52
Руханият • Бүгін, 08:50
Оқиға • Бүгін, 08:48
Сананы өзгертудің тиімді тетігі
Руханият • Бүгін, 08:36
Алматыда Азия чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 08:32
Тарихи жерлердің тағылымы бөлек
Руханият • Бүгін, 08:30
Докторантураға түсу ережелеріне өзгертулер енгізілді
Білім • Бүгін, 08:28
Теннис • Бүгін, 08:11
Аграрлық ғылымсыз алға баспаймыз
Ғылым • Бүгін, 08:09
Сәтбаев университетінің ертеңі
Ғылым • Бүгін, 08:06
Футбол • Бүгін, 08:06
Рухы биік ел ешқашан жеңілмейді
Руханият • Бүгін, 08:05
Әлия Оспанова: Қазақ ғалымдарына қолдау көрсетеміз
Ғылым • Бүгін, 08:04
Спорт • Бүгін, 08:04
«Керуенсарай» – ең ірі туристік кешен
Оқиға • Бүгін, 08:02
Ғылым • Бүгін, 08:01
Ел болып жұмылмасақ, еңсеруіміз екіталай міндет
Саясат • Бүгін, 07:59
Этносаяси сауаттылық әркімге қажет
Саясат • Бүгін, 07:53
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар