Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Қараталда соққан дауыл 15 үйдің шатырын ұшырды

3247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

         Бүгін Зайсан ауданы, Қаратал ауылында кешкі сағат алтылар шамасында қатты дауыл соғып, бірнеше үйдің шатырын ұшырып кеткен.

Қараталда соққан дауыл 15 үйдің шатырын ұшырды

Бұрын-соңды мұндай жойқын дауылды көрмеген тұрғындар абдырап қалғаны анық. Нақтырақ айтсақ, табиғаттың тосын мінезі 25 нысанға зақым келтірген. Оның он бесі тұрғын үй. Абырой болғанда, адамдар аман.

Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемісовтың айтуынша, табиғи апат орын алған ауылды төтенше жағдай комиссиясы көріп қайтты. Алдағы уақытта қосымша ақпараттар беріледі.