Облыстық баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қыркүйек күні кешкі жетіге таяу "Mitsubishi Chelenger" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетінде ойнап жүрген төрт баланы қағып кетті. Анықталғандай, тізгіндегі 31 жастағы ер адам мас күйде болған.
Өкінішке орай, 10 жастағы қыз бала жарақаттардың әсерінен жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Басқа балалар ауруханаға жеткізілді.
Көлік жүргізушісі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Орын алған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
ШҚО