Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

26,5 мың оқушы мен мұғалімге компьютер беріледі

692 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жаңа оқу жылына сатып алынған компьютерлерді бөлу ашықтығы» тақырыбында тікелей эфир өтті.

26,5 мың оқушы мен мұғалімге компьютер беріледі

Мектептегі компьютерлік техника облыс оқушылары мен педагогтеріне уақыт­ша пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында өткен тікелей эфирде облыстық білім бас­қармасының басшысы Сайрангүл Жұма­ділова хабарлады. Оның мәліметінше, өңір оқушыларын қашықтан оқыту үшін респу­бликалық бюджеттен 26 мыңнан астам ноутбук, компьютер және планшет сатып алуға 4,1 млрд теңге қаражат бөлінген.

– Бүгінде біз 550 бірлік техника ал­­дық. Оның онлайн оқытуға қажетті сипаттамаларға сәйкестігін тексеру үшін ІТ-технологиялардың жетекші мамандары тартылатын болады. Облыс оқушылары мен мұғалімдерін компьютерлік техникамен қамтамасыз ету рәсімі 15 тамыздан басталды. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарының оқушылары, сондай-ақ оқу озаттары қамтамасыз етіледі, – деп атап өтті С.Жұмаділова.

Бүгінде облыста үйде компьютерлік техникасы жоқ 23 мыңнан астам оқушы бар. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қалған 3 мыңға жуық компьютер мен планшет техникасы ескірген мектептерге таратылады. Бұл үдерістің ашық­тығын аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері кіретін арнайы жұмыс комиссиясы қамтамасыз ететін болады.

 

ӨСКЕМЕН