Өткен жылдың қазанынан бері аймақта жалпы саны 60 455 адам тұмау және ЖРВИ ауруларына шалдыққан. Негізгі өсім ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында білінді. Биыл сатып алынған вакцина көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Бұдан бөлек облыста болуы мүмкін коронавирус індетінің екінші толқынына да дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Ауруханаларда 7 069 орын дайындалып, 10 цифрлы рентген аппарат, 158 өкпені жасанды желдету аппараты және 1066 оттегі концентраторы сатып алынған. Әлбетте, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу ләзім.
Шығыс Қазақстан облысы