Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2020

Қаражалдағы жанжалдан кейін спорт кешенінің құрылысы басталды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Қаражал қаласында жанжалдан кейін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаражалдағы жанжалдан кейін спорт кешенінің құрылысы басталды

Қарағанды облысының Қаражал қаласында аумағы 5 мың шаршы метрлік алып спорт кешені бола тұра тура іргесінде тағы бір дене шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатыр.

"8 мың ғана халық тұратын шағын қалаға бұл артық. Қазына қаржысын нағыз қажетті әлеуметтік нысанның құрылысына жұмсауға болар еді", дейді жергілікті жұрт.

Бір қызығы, облыстық Спорт басқармасы өткен жылы арнайы зерттеу жүргізіп, қалаға екінші спорт нысаны қажет емес деген тоқтамға келген. Сөйтіп жоба қолдау таппай, облыстық бюджеттен қаржы берілмеген. Бірақ қала билігі жергілікті қазынадан 40 млн теңге қаржы бөліп, құрылысты бастап кеткен.

Енді жобаны аяқтау үшін облыс бюджетінен тағы ақша сұрамақшы.