
"Қалада тал егу, жасыл белдеуді қалыптастыру және экологиялық аумақтар құруда жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Отырғызылған көшеттердің өсуі үшін бірнеше жыл уақыт керек екенін білеміз. Әрине еккеннен кейін оларды күтіп таптау керек. Біздің коммуналдық қызметкерлер қолайсыз ауа райына қарамастан еңбектеніп жүр. Қала тұрғындары да өсімдіктерге ұқыпты қарауы қажет.
Өсімдіктерді қорғау мақсатында жасыл көшеттерді күту әрі қорғау ережелері күшейтілді. Бұрын кесілген бір ағаштың орнын толтыруға бес ағаш егілетін. Енді бір ағаш кесілсе, оның орнына он ағаш отырғызу керек болады.
Биыл 30 мың ағаш отырғызамыз. Жұмыстар елорданың барлық ауданында жүріп жатыр. Жасыл белдеуде 330 мың жапырақты және қылқанжапырақты ағаш, 3 мыңнан астам көшетке дейін егеміз. Жалпы, қазір жасыл белдеу аумағында 10,2 млн астам ағаш пен 1,8 млн бұта (қарақат, мойыл, бөріжидек, көріктал) өсіп-өніп жатыр.
Аулалар, саябақтар, скверлер мен бульварларды абаттандыру кезінде, құрылыс барысында аумақты көгалдандыруға ерекше мән береміз. Өсімдіктер кеуіп кетпес үшін суару жүйесін 20%-дан 90%-ға дейін қалпына келтірдік.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында экотуризм мәдениетін дамыту маңызды міндет екенін айтқан болатын. Біз осы мақсатта экосаябақтар құру бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Олар халық жиналатын орын ғана болмай, қала экологиясын біршама жақсартуға да мүмкіндік береді", деп жазды Алтай Көлгінов.
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Бүгін, 22:21
Қазақстан • Бүгін, 21:52
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Бүгін, 21:47
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Бүгін, 21:44
Аймақтар • Бүгін, 21:27
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Бүгін, 21:23
Руханият • Бүгін, 21:14
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Бүгін, 21:11
Кесенеден кешенге дейін: Жошы хан тарихи-мәдени нысанының құрылысы биыл аяқталады
Қазақстан • Бүгін, 21:08
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Бүгін, 21:05
Қазақстан • Бүгін, 21:01
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Бүгін, 20:56
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 20:47
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:08
Бозжырада құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталды
Туризм • Бүгін, 19:35
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 19:05
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Бүгін, 18:47
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Бүгін, 18:13
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Бүгін, 17:38
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Бүгін, 17:11
Ұқсас жаңалықтар