Қоғам • 17 Қыркүйек, 2020

Елордада алғаш рет ата-аналарға үйдегі қауіпсіздік бойынша тренинг өтті

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ата-аналар үшін "Үйдегі қауіпсіздік. Жазатайым оқиғалардың алдын-алу" тақырыбында эксклюзивті онлайн тренинг өтті. Тренингке 5 жасқа дейінгі балалары бар 100-ден астам ана қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Елордада алғаш рет ата-аналарға үйдегі қауіпсіздік бойынша тренинг өтті

Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу аясында "Отбасы - бақыт мекені" республикалық апталығы өткізілуде. №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы негізінде патронаттық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі бойынша ұлттық жаттықтырушы, педиатр-сарапшы Зәуре Оспанова ата-аналарға үйде балалар үшін қауіпсіз жағдай жасау туралы баяндады. Сонымен қатар балаларды жасына қарай қауіпті заттардан қорғау әдістерін көрсетіп, күйік кезінде жедел жәрдем келгенге дейін не істеу керегін айтып берді.

"Бұл дағдылар нәрестелер мен балалар өлімін азайту үшін өте қажет. Өлім-жітімді төмендетуге бағытталған шаралардың бірі - балаға қауіпсіз жағдай жасау", дейді көп жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы.

Тренинг ата-аналардың оң бағасын алды.

"Балаларымыздың қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Кейде қандай да бір жағымсыз жағдайға тап болғанда балаға қалай көмектесуге болатынын білмей қаламыз. Мұндай тренингтер біздің қауіпсіздік шараларынан хабардар болуымызға көмектеседі. Бүгін мен баламның қауіпсіздігін сақтау туралы көп нәрсе білдім. Қарапайым нәрселер сияқты көрінгенемен, мұндай тәжірибелер қажет", дейді 4 жасар баланың анасы Гүлмира Айтжанова.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы БҰҰ ЮНИСЕФ-пен бірге мыңнан астам елордалық ата-ананы қамти отырып осындай тренингті тағы да өткізуді жоспарлап отыр.