Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2020

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы алматылық бизнесмендермен кездесу өткізді

226 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың  қатысуымен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысында, оңтүстік астананың бизнесмендері кәсіпкерліктің ең өткір мәселелері туралы айтып берді. Тимур Құлыбаевтың айтуынша, мемлекет пандемия салдарын еңсеру үшін 5,9 трлн теңге бөлген, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы алматылық бизнесмендермен кездесу өткізді

"Тәжірибе көрсеткендей, кейбір бағдарламалар сұранысқа ие (бизнесте), кейбіреулері төмен. Біз сіздермен Үкімет үшін қандай бағдарламаларды күшейту қажет, қандай бағдарламаларды қысқарту немесе жою қажет деген ұсыныстарды пысықтауымыз керек", деді ол.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышевтің ақпараты бойынша, Алматы қаласының бизнес-қауымдастығы үшін бірқатар өзекті мәселелер бар. Олардың арасында мемлекеттік ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу барысында туындайтын мәселелері.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық Әл-ауқат Қорының сатып алу рәсімі, Мемлекеттік сатып алудан түбегейлі ерекшеленеді. "Самұрық-Қазына" өкілдері шартқа қол қойылғаннан кейін сатып алудан бас тартатын жағдайлар да бар. Кәсіпкерлер ақшаны жұмсайды және шартты жүзеге асыру үшін несие алады, алайда, сайып келгенде, елеулі қаржылық шығындарға ұшырайды", деп атап өтті ол.

Шешім ретінде ол кәсіпкерлердің «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры сатып алушыларының жұмысын нақты бағалай алуы үшін, "Атамекен" ҰКП бақылауымен Тапсырыс берушілердің бағалау жүйесін енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар, ол кедендік рәсімдеудің Қырғызстанға өтуіне әкеліп соқтыратын тауарлардың жоғары кедендік құны мәселесін де айтты.

"ҰКП ұстанымы-бұл бизнесті қолдау, баждарды арттырудың болмауы және баждардың ашықтығы. Бұған дейін біз мына ұсыныстарды айтқан болатынбыз: тауарлардың кедендік құны ашық режимде көрінетін сайт құру; құны төменгі баға бойынша өзгермеліліксіз анықталатын болады; бағалық зерттеулерді ҰКП жүргізіп, мемлекеттік кірістер басқармасына пайдалануға беретіндігі",деді ол.

Сондай-ақ, алматылық бизнесмендер Бизнестің жекелеген түрлеріне әлі де тыйым салынуда деп шағымданды, бірақ ТЖ мен карантин кезеңінде экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларының тізбесінде олар жоқ. Бұл, мысалы, мектептердегі асханалар, боулингтер, бильярд бөлмелері, караоке, компьютерлік клубтар және басқалар.

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушісінің көрсетілген қызмет түрлері экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларының қатарына енгізілмеген («салық салу мәселелері бойынша» экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 Қаулысы).

Демек, экономиканың осы салалары мемлекеттен еңбек ақы қорына салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босату түрінде жеңілдіктер алған жоқ.

"Кәсіпкерлер жұмыс істей алмайды, демек, қызметкерлерге жалақы төлей алмайды және міндетті төлемдерді, соның ішінде міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарды төлей алмайды. Осыған байланысты, осы салалардың ақы төленбейтін демалысқа жіберілген ауырып қалған қызметкерлері кәсіпорынның қызметін тоқтата тұру кезінде қорға жарналардың төленбеуіне байланысты медициналық көмек ала алмайды. Оларға барлық медициналық қызметтерге ақы төлеу ұсынылады, бірақ жұмыс істемейтін адамдарда бұл қаражат жоқ», - деді "Izo-Market КМ ЖШС Бас директоры Константин Босиков"

Сарапшылардың есептеуінше, қазіргі уақытта 8 000-ға жуық кәсіпкер карантинге байланысты өз қызметін қалпына келтірген жоқ. Бизнесмендер тыйым салуды жалғастыратын салалардың экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларының қатарына қосуды, сондай-ақ қызметкерлерге жалақы төлеу үшін 12 ай мерзімге пайызсыз кредит түрінде мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды не жұмыс толық қалпына келтірілгенге дейін жалақының ең төменгі 1 мөлшеріндегі жәрдемақы төлеуді жалғастыруды, сондай-ақ осы кәсіпкерлердің қызметкерлерін медициналық сақтандыруды жүзеге асыру бойынша қолдау шараларын қарастыруды ұсынды.


Бизнесмендер жеңіл өнеркәсіпті қолдау, жеке колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша шығындарды өтеу, жұмыс орындарын сақтау бойынша шаралар, санитарлық талаптардың сақталуын тексеру кезіндегі бұзушылықтар және т.б. мәселелерді атап өтті.

Отырысты қорытындылай келе, Тимур Құлыбаев айтылған барлық мәселелердің назарға алынатынын атап өтті.

"Біз азаматтардың денсаулығын қорғауды ескере отырып, кәсіпорындарымызға жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін бизнестің мүдделерін қорғайтын боламыз", деді ол.

Соңғы жаңалықтар