Десе де кейінгі бір-екі аптаның көлемінде шетелдік туристерге көп бағыттар қайта есігін аша бастады. ДТҰ хабарлауынша, қыркүйек айынан бастап туристік аймақтардың 53%-ы сапарға қойылған шектеуді алып тастаған. Дегенмен көп елдің үкіметі бұрынғыша сақтық танытып отыр. Ең кейінгі есеп 2020 жылдың алғашқы жартысында енгізілген шектеулер халықаралық туризмге қатты әсер еткенін көрсетті. Келушілер санының бірден азайып кетуі миллиондаған жұмыс орны мен мекемелердің қызметіне қауіп төндірді.
Экономикалық шығынды есептеу
ДТҰ мәліметі бойынша, 2020 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында халықаралық сапарларға сұраныстың бірден төмендеп кетуі 440 миллион доллар халықаралық табыс пен халықаралық туризмнен келетін 460 миллиард АҚШ доллары экспорттық кірісінен айырды. Бұл 2009 жылы жаһандық экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайында тіркелген халықаралық туризм шығынынан шамамен бес есе көп.
Қауіпсіз және жауапкершілікке алынатын халықаралық сапарлар енді әлемнің көп бөлігінде қолжетімді және үкімет жаһандық туризмді жандандыру үшін жеке сектормен тығыз жұмыс істегені маңызды.
ДТҰ бас хатшысы Зураб Пололикашвили: «Әлемдік туризмнің «кейінгі барометрі» пандемияның туризмге, миллиондаған адамдардың тіршілік көзі болып есептелетін секторға қалай әсер еткенін көрсетті. Қауіпсіз және жауапкершілікке алынатын халықаралық сапарлар енді әлемнің көп бөлігінде қолжетімді, және үкімет жаһандық туризмді жандандыру үшін жеке сектормен тығыз жұмыс істегені маңызды. Жүйелі әрекет – жетістік кілті», дейді.
Әлемнің барлық аймағы қатты зардап шекті
Мамырдың екінші бөлігінен бастап көптеген туристік бағыттың жұмысы біртіндеп жандана бастағанына қарамастан, Солтүстік жарты шарда жазғы маусым кезінде халықаралық туризмнің көрсеткіші жақсарған жоқ. Жалпы 2020 жылдың алғашқы жартысында Еуропаға келуші туристер саны 66%-ға қысқарған. Америка (-55%), Африка мен Таяу Шығыс (екеуі де -57%) та зардап шекті. Дегенмен Азия-Тынық мұхит аймағы COVID-19-дың туризмге әсерін алғаш болып сезініп, ең көп зардап шекті. Яғни сарықұрлықта алты ай ішінде туристер саны 72%-ға қысқарды.
Субөңірлік деңгейде ең үлкен құлдырау Солтүстік-Шығыс Азияда (-83%) және оңтүстік Жерорта теңізінде (-72%) байқалды. Әлемнің барлық өңірлері мен субөңірлерінде 2020 жылдың қаңтар-маусымында кіріс 50%-ға төмендеді.
Мамандардың болжамы бойынша, сапарға сұраныстың төмендеуі және тұтынушылардың сенімі жыл соңына дейін нарыққа әсер етуі мүмкін. Мамыр айында ДТҰ халықаралық туристік сапарлар санының 2020 жылы 58%-дан 78%-ға дейін төмендегенін мәлімдеді.
Десе де сала мамандары 2021 жылға дейін туризм саласында алға жылжу болатынына сенімді. Оған сапарларға арналған шектеулердің біртіндеп алынуы, вакцинаның қолжетімді және емдеу мен саяхатшылардың сенімі қайта оралуы туралы болжам негіз болып тұр. Дегенмен туристік саланың 2019 жылғы көрсеткішке жету үшін 2,5 жылдан 4 жылға дейін уақыт қажет екені айтылуда.