Парламент • 28 Қыркүйек, 2020

Кәсіпкерлікке кедергілерді жоюды сұрады

163 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Қарағанды облысындағы кәсіпкерлерімен кездесті. Кәсіпорын иелері депутаттармен кездесуде тауарларға ілеспе құжаттар мен басқа да көптеген қағаздарға байланысты шағын бизнес қосымша шығындарға ұшырап келе жатқанын хабардар етті.

Кәсіпкерлікке кедергілерді жоюды сұрады

«Қазір жаңа салық заңна­масы әзір­леніп жатыр және біз бизнесмендердің өзі­нен ол заң­дарды адамдардың бәріне не­ғұрлым ыңғайлы етіп қалай жасау керектігі туралы пікір сұ­рай­мыз», деді сенатор Еділ Ма­мыт­беков.

Кәсіпкерлердің айтуынша, норма­тив­­тік-құқықтық актілерге сәйкес шағын ғимарат салу барысында кәсіп­кер­ге мем­лекеттік сәулет-құрылыс басқармасынан хабарлама алуға 1-1,5 миллион теңге жұм­сау керек. Ал ол объек­тінің құрылысы да сол анық­тама сияқты сомаға түседі. Кәсіп­керлер сенаторлардан жағ­дай­ды анықтап, елдегі шағын жә­не орта бизнестің дамуына ке­дер­гі келтіретін кедергілерді заңна­малық түрде жоюды сұрайды.

Сенат депутаты Дәурен Әділ­беков өз кезегінде Мемлекет басшысының Қа­зақ­стан халқына Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау бойынша бірқатар шараларды атап өткенін еске салды. 2025 жылға қарай елдің ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 35%-ға жетуі тиіс.

«Қазір өнеркәсіп саясаты туралы заң әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда Қарағанды облысы – өңдеу өнеркәсібінің үлкен көлемі шоғырланған ең дамыған өңірлердің бірі. Тек 9 айдың ішінде облысқа 400 млрд тең­геден астам инвестиция салынды. Өндіріс көлемі 1,8 трлн теңгеден асты. Бұл өте жақ­сы көрсеткіш», деді сенатор Сүйіндік Алдашев.

Сенаторлар сонымен қатар аймақтағы бірқатар ірі өнеркәсіп орындарын аралады. Патрон зауытында парламентшілерге бірінші кезекте биылғы жылы іске қосыл­ған тапаншаларға арналған оқ өндірісі көр­се­тілді. Кәсіпорында жыл соңына қарай екінші кезек – «Автоматты желіні» іске қосу жоспарлануда. Бұл өндіріске 28 миллиардтан астам теңге инвестицияланды.

Депутаттар Қазақстандағы ескі авто­мо­бильдерді кәдеге жа­ра­ту жөніндегі ал­ғашқы зауытта және арматура мен өзге де құрылыс материалдары өндірісінде де болды. Ферро­қо­рыт­па зауытында елордалық деле­га­цияға өндірістегі жаңалық­тар көрсетілді. Қазіргі заманғы технологиялар Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Аме­ри­ка нарықтарында үл­кен сұра­нысқа ие ферросилиций мен ферро­мар­ганецті шығаруға мүмкін­дік береді. Зауыт 1 300-ден ас­там адамды жұмыспен қамтып отыр.

Экономикалық саясат, инно­ва­циялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Әділ­беков өңірдегі кәсіп­орын­дардың басшыларына айтылған барлық мәселелер мұқият қара­лып, зерделенетінін айтты.

«Сенат депутаттары барлық сындарлы ұсыныстарды, оның ішінде Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және құ­қық­тық реттеу мәселелері бойынша парламенттік тыңдауларда қарайтын болады және қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгі­зіледі», деді Дәурен Әділбеков.

Көшпелі отырыс қоры­тын­дысы бойынша Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және дамыту үшін ел Үкіметіне ұсыныстар әзірлеуге ниеттеніп отыр, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.