"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, бабалар рухына тағзым етті", деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.
Одан кейін "Түркістан-Арена" стадионында болып, "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына барды. Елбасы Rixos Turkistan қонақүйі және Түркістандағы бірқатар экспозициялық кешенмен танысты.