Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Ауылдастарына көмектескен азаматтар

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шалғайдағы Ақжар ауылындағы мектепке биылғы жазда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында терезелер мен есіктерді ауыстыру бойынша күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл істі қолға алған мердігер «Тurboservis_pvl» ЖШС жұмысшылары мектепішілік дәретханалар орнатты. Сондай-ақ бейнебақылаулар орнатылып, қазір мектеп жарық, жылы, қауіпсіз жағдайда.

Ауылдастарына көмектескен азаматтар

 

Мектеп директоры Олим­пиада Әубәкірованың айтуынша, қазір мектепте 107 оқу­шы білім алуда, мектеп жанын­дағы шағын орталықта 35 бала тәрбиеленуде. Оқушылардың дені – елге оралған қандас­тардың ұл-қыздары. Ауыл балаларына «Оnline Mektep» платформасы арқылы білім алуға жағдай жасалған. Бұған қоса оқушылар «Балапан», «Еларна» телеарналарынан да қосымша білім ала алады.

– Ауылдағы «Агро-Даму» ЖШС мал дәрігері Бауыржан Талғатұлы демеушілік көмек жасап Тұрсынбек Серікбаев, Хави Жайлаухан, Ыдырыш Ермұрат, Әзанбай Оронбасар, Әбілғажы Шалахан, Дубек Ержан, Қинаят Нұрсәулелер тұ­ра­тын оқушылардың үй­леріне хабар тарататын «Отау» ТВ табақшаларына қажетті қондырғылар орнатып берді, – дейді мектеп директоры.

Сөйтіп енді шалғай ауылда тұратын мектеп оқушылары­ның жаңа оқу жылында өз білім­дерін толықтырып, сапалы білім ала алмақ. Оқушы­лар «Еларна», «Балапан» телеарналары ар­қылы өткі­зілетін қосымша сабақтарға еш кедергісіз қатысуда.

Сонымен қатар ауылда өс­­кен жігіт, қазір Курчатов қа­ла­сындағы №3514 әскери бө­лі­мінде келісімшарт бойын­ша қызмет атқаратын сарбаз Дастан Жамантаев Ержан Дина, Оронбасар Жанерке, Ерасыл Күлімбаев, Оронбасар Ерсұл­тан, Ержан Үкіләй, Жай­лау­ханұлы Мадияр, Ермұрат Еділ, Әйкерім Жайлауханқызы, Сейілғазы Айттұмар, Мәрмәр, Ермұрат Серпін сияқты 11 оқу­шыға демеушілік көрсетіп, мектепке қажетті кеңсе тауарларын алып беріпті.

Ауылдықтар, мектеп ұжы­мы жанашыр демушілерге жаңа оқу жылының дайындық барысына үлес қосқандары үшін мал дәрігері Бауыржан Талғатұлы мен сарбаз Дастан Жамантаевқа алғыс білдіреді.

 Індет тараған кезінде ауыл­дың, өздері білетін ауылдағы отбасылардың мұқтаждығын сезініп, қолдағы барын бөлісіп, балаларды қуантқандары өзге­лерге үлгі боларлықтай.

 

Павлодар облысы,

Май ауданы,

Ақжар ауылы