Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020

Қызылорда облысында 2805 кәсіпкер мемлекеттік грант алды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда өңірінде "Еңбек" бағдарламасы арқылы жұмыссыз азаматтар еңбекпен қамтылып, жаңа бизнес идеяларын дамытуға мүмкіндік алған, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысында 2805 кәсіпкер мемлекеттік грант алды

Үш бағытты қамтитын бағдарламаға облыстың 23 мыңға жуық азаматтары қатысқан. 830 азамат кәсіптік білім алу үшін қайта даярланудан өткен. Ал, 2272 адам кәсіпкерлік бағытта курстан өтіп, сертификат алған.

Мұнан бөлек, ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау нәтижесінде 549 адам шағын несие алуға қол жеткізген. Бұл қосымша 510 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Ең бастысы жаңа бизнес идеялары арқылы мемлекеттен грант алғандар көбейген. Биыл 2805 кәсіпкер бизнесте тың идеялар ұсынып, грантқа қол жеткізген.

Бұдан бөлек, өңірде 5506 адам бос орындардан қызмет тапқан. Ал, 1179 азамат әлеуметтік жұмыс орындарынан қызмет тапқан. Жыл басынан бері "Жастар тәжірибесі" арқылы да қызметке алынған жастар қатары 3175-ға жеткен. Оның ішінде 233 адам тұрақты жұмысқа ілікті. Қоғамдық жұмыс арқылы 284 адам жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, бағдарламадан тыс өңірде 113162 адам бейресми жұмыспен қамтылып, қызметке алынған.