Тест сұрақтар мен жауап нұсқалары бар сауалдама түрінде ұсынылған. Тестің жұмыс істеу қағидасы нейрондық желіге – жасанды интеллект технологиясына негізделген. Нейрожелі COVID-19 вирусын жұқтыру ықтималдығын ондағы COVID-19 негізгі белгілері, тәуекел топтары және Денсаулық сақтау министрлігінің ресми хаттамалары туралы бағдарламаланған ақпаратты ескере отырып анықтайды. Әзірлеушілер тест нәтижелері нақты диагнозды бермейтінін және медициналық қорытынды емес екенін ескертеді. Алайда осы арқылы қазақстандықтардың COVID-19 вирусын жұқтыру ықтималдығына қатысты өз денсаулығының жай-күйін өз бетінше талдауға мүмкіндігі бар.
Үш ай бойы команда сауалдама сайтының интерфейсі мен функционалдығы бойынша мұқият жұмыс істеді. Жоба менторы – кәсіпкер, медицина академиясының түлегі және DBA EU Business School (Швейцария) іскерлік әкімшілендіру докторы Сейітжан Сыпабеков. Команданың басқа екі қатысушысы – Nazarbayev University Инженерия және цифрлы ғылымдар мектебі бакалавриат бағдарламаларының түлектері Юсуп Тумгоев пен Аманжол Шунгеев. Қазір екеуі де НУ магистратурасында, Юсуп Data Science саласында, ал Аманжол Медицина мектебінде Sport Medicine and Rehabilitation саласында оқуын жалғастыруда.
«Біздің командада Сейітжан кәсіби медициналық қолдауды қамтамасыз етеді. Біздің міндетіміз – тесті әзірлеу, оның медициналық құрамдас бөлігі үшін Аманжол жауапты, ал мен техникалық аспектілерге жауап беремін», дейді Ю.Тумгоев.
Тегін және қарапайым тест тапсыру үшін https://covistop.asia/covid-test / сайтына өту және жауаптарға 5 минут жұмсау жеткілікті. Тест нәтижелеріне байланысты респондент одан әрі ұсынымдар алады. Қазір тест ақпараттық сипатта жұмыс істейді, болашақта әзірлеушілер медициналық мекемелер мен COVID-19 жөніндегі жедел желілердің байланыс деректерін, сондай-ақ вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары әрекеттер алгоритмін қосуды жоспарлап отыр.
«Тест Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы мамандарының модерациялауынан өтті. Тест нәтижелері кез келген ақпараттық жүйеге, оның ішінде еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялануы мүмкін. Деректер көбінесе дербестендірілген сипатқа ие. Бізді қолдағандардың барлығына және COVID-19-ды жұқтырудың ең асқынған жағдайлары бар пациенттерді емдеумен айналысқан мамандарға алғыс айтамыз», дейді Ю.Тумгоев.
Тест әлеуметтік коммерциялық емес жоба екенін атап өткен жөн. Тестіден өту және нәтижелерді алу тегін. Болашақта әзірлеушілер тест нәтижелерінің дәлдігін арттыруды жоспарлап отыр және жасанды нейрондық желіні пайдаланудан басқа, машиналық оқуды да қосқысы келеді.