Қаржы • 07 Қазан, 2020

Кедендік құнды әкімшілендіру күшейтілді

246 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жуырда Парламент Мәжілісінің депутаты Е.С. Никитинскаяның депутаттық сауалына орай, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекел­дің құндық индикаторларын қалыптастыру жағдайы туралы хабарлады.

Кедендік құнды әкімшілендіру күшейтілді

 

МКК кедендік бақылау нысандарын саралап қолдану мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тәуекелдің жоғары, орта және төмен деңгейі санаттарына жатқыза отырып, бағдарланған субъекті тәсілін қолданады. Санаттарға бөлу үшін салық, кеден және басқа да мемлекеттік органдардың ақпа­рат­тық жүйелерінен алынған СЭҚ қаты­сушылары туралы мәліметтер пайдаланылады (Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнін­де­гі комитеті, Ұлттық экономика минис­трлігінің Статистика комитеті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис­трлігі).

Санаттарға бөлу нәтижесінде СЭҚ 29%-ы төмен тәуекел деңгейі санатына, 65%-ы орташа тәуекел деңгейі санатына және 6%-ы жоғары тәуекел деңгейі санатына жатқызылған.

АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі декла­ра­циялардың 69%-ын (кедендік бақылау шараларын қолданбай) автоматты түрде шығарды, кедендік декларациялаудың 23%-ы құжаттамалық бақылау үшін іріктелді және 8%-ы физикалық бақылау (кедендік тексеру, сараптама) жүргізу үшін іріктелді.

2017 жылы «Қытай Халық Рес­пуб­ликасы экспорты – Қазақстан Рес­пуб­ли­касы импорты» кедендік статис­ти­ка­сындағы деректердің алшақтығы 6,9 млрд АҚШ долларын құрағанын атап өткен жөн (ҚХР деректері бойынша елімізге экспорт 11,6 млрд АҚШ дол­лары, Қазақстан деректері бойынша 4,7 млрд АҚШ долларын құрады). ҚХР мен Қазақстанда қолданылатын әдіс­на­малардағы айырмашылықтан басқа, статистиканың алшақтығының себептері кедендік құнды дұрыс мәлім­­де­меу және ҚХР-дан әкелінетін тауар­лар­ды дұрыс декларациялау болып табылады.

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай тарапымен келіссөздер жүргізді, нәтижесінде 2019 жылы 26 сәуірде Бейжің қаласында Қазақстанның Қаржы министрлігі мен ҚХР МТУ арасында Қазақстан мен ҚХР кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасу туралы хаттамаға қол қойылды (қол қойылған сәттен бастап күшіне енді). 2019 жылы ақпарат алмасудың техникалық шарттары пысықталды, содан кейін 2020 жылдың қаңтарынан бастап ҚХР кеден қызметі экспорттық декларациялар бо­йынша алдын ала ақпарат жібере бас­та­ды.

Биылдың сәуір айында Мемлекеттік кірістер комитеті ҚХР кеден органдарынан алынған мәліметтерге сәй­кес 1 698 тауар позициялары бо­йынша тәуекелдің құндық бейіндерін өзектендірді. Бұл ретте, тәуекел бейін­де­рі адамның қатысуынсыз тәуекел декларацияларын автоматты түрде іріктеу үшін АСТАНА-1 ақпараттық жүйесіне ен­гі­зіл­ді.

ҚХР алдын ала ақпараты негізінде тәуекелдің құндық индикаторларының деңгейі өсті. Атап айтқанда бұл тауарлар килосына – автобөлшектер 0,7-ден 5,9-ға долларға дейін (8,5 есе); электронды ойындар 1,5 доллардан 14,7 долларға дейін (9,8 есе); бадам және пісте 0,55-тен 3,34 долларға дейін (6 есе); полиэфир талшықтарынан жасалған маталар 0,8-ден 6,7 долларға дейін (8,4 есе); тоқылмаған материалдар 0,5-тен 8 долларға дейін (16 есе); қозғалтқыштар 0,8-ден 15,4 долларға дейін (19,3 есе) құраған болатын. Барлық осы сандар ҚХР экспорттық кедендік декларациялары бойынша деректермен расталады.

2019 жылдың тамыз айын­да Мем­лекеттік кірістер комитетінің құры­лы­мында өткізу пункттерінде кедендік операцияларды, ИДК түсі­рі­лім­дерін (рентген) мони­то­рингі­леуді, импортқа арналған декла­рация­лар­дың деректерін ҚХР-дан алынған мәліметтермен салыс­тыруды жүзеге асыратын «Ахуалдық орталық» құрылды.

2020 жылғы 15 қыркүйектен бас­тап «Электронды декларациялау орта­лы­ғын» іске асыру қанатқақты жоба­сы іске қосылды. Оның мақсаты – кедендік құнды комитет деңгейінде құжаттамалық бақылау, тауарларды жіктеу және тауар­ларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен (ИМ-40) орналастыру кезінде жеңілдіктер мен босатулар берудің заңдылығын бақылау. Бұл бүкіл республика бойынша баға саясатының және қабылданатын шешімдердің біркелкілігін қамтамасыз етеді. Бірінші кезеңде жобаға Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің кеден бекеттері тартылған.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп тауарлардың кедендік құнын әкімшілендіруге байланысты проблемалық мәселелерді пысықтау бо­йынша жұмыстар жүргізілуде, тәуекелдің құндық индикаторларын және бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемелері әзірленіп, талқылануда, кедендік құнды реттеудің негізгі, өзекті мәселелеріне қатысты ұсынымдар әзірленді және МКК ресми сайтына орналастырылды, кедендік құнды әкімшілендірудің проблемалық мәселелерін талқылау үшін «Кедендік құн» телеграм-чаты құрылды.

СЭҚ-қа қатысушыларды ақпарат­тан­ды­ру мақсатында, сондай-ақ аумақтық мем­­лекеттік кірістер органдарының өкі­­лет­тіктерді теріс пайдалануына жол бер­меу үшін МКК ресми сайтында «Кедендік құн» бөлімі құрылды, онда тәуекелдің құндық бейіні деңгейіне барынша жақындатылған тауарлар бо­йынша бағалық ақпарат, нормативтік-құқықтық актілер және кедендік құн бойынша түсіндірулер орналастырылған.

Мемлекеттік кірістер комитеті қабыл­да­ған тауарлардың кедендік құнын әкім­ші­лендіруді күшейту шаралары айналы статистикадағы алшақтықты 2020 жылдың 1 жарты жылдығында 38,5%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді (ҚХР экспорты – 4 млрд доллар, Қазақстан импорты – 2,5 млрд доллар).