Аймақтар • 10 Қазан, 2020

Абайдың алба-жұлба ескерткіші...

1025 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ елі 175 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан хакім Абайдың Өскемендегі барельеф ескерткішінің алба-жұлбасы шыққан деп хабарлайды Egemen.kz.

Абайдың алба-жұлба ескерткіші...

Соңғы жылдары Шығыста ескерткіш төңірегінде мәселе көп. Соның ішінде Абайға қатыстысын жіпке тізгендей атап өтейік: 2014 жылы Өскемендегі Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысына қос достың мүсіндері орнаған. Ескерткіштің сәтсіз шыққаны сондай, әлеуметтік желі қолданушылары «бұл деген мәдени мұра мен тарихқа жасалған қиянат» деп талқыға салды. Ақыры ескерткіш бір күн тұрар-тұрмастан орнынан алынды. Бұған қаржының қанша жұмсалғаны бізге беймәлім еді.  

2018 жылы Абайдың кеуде мүсіні күл-қоқыстың арасында жатқанын көріп, жағамызды ұстағамыз. Сөйтсек, мүсінші Владимир Самойловқа тапсырыс бергендер жасатып алып, алмай қойған екен. Ал мүсінші шеберханасында орын болмаған соң көшеге шығарып тастаған. Мән-жай анықталып, газетке, сайтқа жазылған соң қала әкімдігі сатып алған көрінеді.  

Енді міне, Абай даңғылының бойында баяғыдан тұрған барельеф мүсіннің жұлым-жұлымы шыққан. Мұндай күйде тұрғанына аз уақыт болған жоқ. Ал тиісті мекеме қашан қалпына келтірері белгісіз.

Өскемен