2019 жылдың маусымында ҚМГ мен ЛУКОЙЛ арасында осы жоба бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойылған болатын. Сол кезде қос компания оны бірлесіп іске асырудың негізгі шарттары жөнінде уағдаласты. Бұл жолғы келісім аталған жер қойнауы учаскесі бойынша бірлескен жұмыстың кезекті кезеңі саналады. Ендігі қадам көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге келісімшартқа отыруды көздейді.
Қол қойылған құжат «Әл-Фараби» жобасы бойынша болашақ жер қойнауын пайдаланушының қызметіне қатысты ҚМГ және ЛУКОЙЛ-дың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Келісім ҚМГ жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын иеленген соң және ҚМГ-ға 50,01%, ал ЛУКОЙЛ-ға 49,99% үлесі тиесілі бірлескен кәсіпорынды құру бойынша ҚМГ мен ЛУКОЙЛ арасында жоспарланып отырған мәміле аяқталғаннан кейін өз күшіне енеді.
«Бұл келісім «ҚазМұнайГаз» бен «ЛУКОЙЛ» арасындағы серіктестіктің қарқынды дамуының тағы бір айғағы. Ресурстық қорды дамыту – ҚМГ-ның стратегиялық міндеттерінің бірі. Біз бұл жұмысты жалғастыруға ниеттіміз. ҚМГ мен ЛУКОЙЛ Каспий теңізінің қазақстандық секторын тиімді игеруге бар күш-жігерін жұмсайтын болады», деп атап өтті А.Айдарбаев.
Қазіргі кезде ҚМГ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне «Әл-Фараби» учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша тікелей келіссөздер жүргізуге өтінім беруді жоспарлап отыр.
ҚМГ мен ЛУКОЙЛ ынтымақтастығы стратегиялық маңызға ие. Компаниялар «Қарашығанақ», «Теңіз», «Құмкөл» ірі жобаларында, сондай-ақ «Каспий құбыр консорциумы» мұнай тасымалдау жобасында серіктес болып отыр. 2019 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ және ЛУКОЙЛ арасында «Жеңіс» теңіз учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге келісімшарт жасалды.
Айта кетелік, ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекет мүддесін қорғайды. ҚМГ-ның негізгі активтері барлау және өндіру бойынша: Теңізшевройл (ТШО) – 20%, Қарашығанақ (ҚПО) – 10%, Қашаган – 8,44%1, Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазгермұнай (ҚГМ) – 50%, ПетроҚазақстан (ПҚИ) – 33%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, мұнай мен газ тасымалдау, газ маркетингі бойынша: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) – 50%, Мұнай Тас – 51%, Batumi Oil Terminal – 100%, КҚК – 20,75%2, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%, ҚазТрансГаз – 100%, ИОА – 100%, АГҚ – 50%, ҚТГ Аймақ – 100%, БШҚ – 50%, ҚазРосГаз – 50%, өңдеу бойынша: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.
2015 жылғы қазанда Самұрық-Қазына опциондық келісімге сәйкес 2020 және 2022 жылдар ішінде акцияларды сатып алу құқығымен Қашағанның 50% үлесін сатып алды. ҚМГ және Самұрық-Қазынаға Қашағанның жалпы 16,88% үлесі тиесілі. ҚМГ арқылы 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures (KPV) арқылы 1.75%.